ТД-ды тұрғыға бекіту
Көрсетілген керек-жарақтардың барлығының бар екеніне көз жеткізіп, тұрғыны құрастыру нұсқауларында көрсетілген жолмен құрастырыңыз.
ТД-ды қабырғаға орнату
[[ Осы ТД-ды қабырғаға орнатқан кезде өндіруші ұсынған ұсыныстарды орындау қажет. Егер олай істемесеңіз, ТД сырғып кетіп құлап қалуы, адам қатты жарақат алуы және өнімге нұқсан келуі мүмкін.
Қабырғалық аспа жинақты орнату (опция)
Қабырғалық аспа жинақты (жинаққа кірмейді) ТД-ды қабырғаға орнату үшін пайдалануға болады.
Қабырғалық аспа жинақты орнату үшін ТД-ды қорғау үшін оның орам материалдарымен бірге келген көбікті пайдаланыңыз. ТД-ды төмен қаратып қойып, бұрандаларын салыңыз.
Дыбыс жүйесі мен ТД-ды қабырғалық аспа жинақты қолданып орнату үшін әуелі дыбыс жүйесін ТД-ға орнатып, содан кейін ТД-ды орнатыңыз. Толық ақпарат алу үшін дыбыс жүйесімен бірге берілген нұсқауларды қараңыз.
-- Кей аймақта немесе үлгіде дыбыс жүйесін қабырғалық аспа жинақпен бірге орнатуға қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
Қабырғалық аспа жинақты орнатуға қатысты толық ақпаратты, қабырғалық аспа жинақтың нұсқаулығынан қараңыз немесе оны қабырғалық аспа жинақтың көмегімен орнату үшін техникке хабарласып көмек алыңыз. Samsung Electronics компаниясы қабырғалық аспа жинақты өз бетіңізбен орнатып, жарақат алсаңыз немесе мүлікке нұқсан келсе, жауапкершілік көтермейді.
| Қабырғалық | ТД |
| аспаның |
| Қабырғалық |
| қапсырмасы |
| | аспаның |
| | адаптері |
| | C |
Басқа кез келген қабырғалық аспа жинақты орнату алдында ТД-мен жеке берілген аспа жинақ адаптерін орнатыңыз.
-- Қабырғалық аспа жинақпен бірге берілген "Орнату нұсқаулығы" кітапшасын қараңыз.
Қабырғалық аспа жинақ параметрлері (VESA)
Қабырғалық аспа жинақты қатты қабырғаға, еденге перпендикуляр бағытта орнатыңыз. Қабырғалық аспа жинақты ғимараттың басқа материалдарына орнату үшін, жергілікті дилерге хабарласыңыз. Егер өнімді төбеге немесе көлбеу қабырғаға орнатса құлап, адам қатты жарақат алуы немесе өнімге нұқсан келуі мүмкін.
-- Ұсынылған стандартты өлшемнен ұзын немесе VESA бұрандалар стандартына сай келмейтін бұрандаларды қолданбаңыз. Себебі, ТД-дың ішкі бөлшектеріне зақым келтіруі мүмкін.
-- Қабырғалық аспа жинақтың бұрандалары VESA стандартты бұрандалар стандартына сай келуі керек және пайдаланылған бұрандаларға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
-- Бұрандаларды өте қатты қатайтпаңыз. Себебі адам жарақат алуы немесе өнімге нұқсан келуі мүмкін. Samsung немқұрай қарау немесе дұрыс қолданбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымдарға жауапты емес.
-- VESA стандартына сай емес немесе ұсынылмаған қабырғалық аспа жинақты қолдануға байланысты өнімге зақым келсе не адам жарақат алса, Samsung жауапкершілік көтермейді.
-- Теледидарды 15 градустан асыра қисайтпаңыз.