Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі

Жаңа кір жуғыш машина сіздің кір жуу жайлы ойыңызды өзгертеді. Өзінің керемет сапасының арқасында Samsung кір жуғыш машинасы жалықтырған жұмысты сүйікті іске айналдырады.

Интенсивті Eco жуу

Көпіршікпен жуу технологиясы инновациялы қуатты үнемдеу мүмкіндігін ұсынады

– әсіресе, Интенсивті Eco жуу циклдары таңдалған болса. Егер ‘Интенсивті Eco жуу мүмкіндігін таңдасаңыз: 15ºC’ салқын сумен жуыңыз, бұл қуатты үнемдей отырып, 40ºC дәстүрлі бағдарламаның жуу көрсеткішімен сәйкестікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Егер ‘Интенсивті Eco жуу мүмкіндігін таңдасаңыз: 40ºC’ бұл дәстүрлі кір жуғыш машинадағы 60ºC циклді жуу көрсеткішімен пара пар деңгейге жетеді. Уақыт немесе жұмыс көрсеткіштерін жоғалтпастан, қуатты үнемдеуге болады.

Сыртқы киім

Samsung кір жуғыш машинасын Eco Bubble мүмкіндігімен бірге пайдалану, кір жуғыштың сыртқа киілетін киімдер үшін ерекше күтім ұсынатын біле отырып, су өткізбейтін киімді бұрынғыдан бетер ыңғайлылықпен жууға мүмкіндік береді. Eco Bubble жасаған көпіршікті орта су өткізбейтін қабатты қатты соққыдан және желінуден болатын зақымнан қорғайды, сыртқа киілетін киімге келетін зақымды азайтады және нәзік маталардың өзге түрлерін де қорғайды.

Жедел 15-минуттік кір жуу

Сіз уақытыңызды тектен-текке құртпайсыз! 15-минуттік кір жуу Сізге оны бұрынғыдан гөрі ерте аяқтауға мүмкіндік береді.

Біздің 15 минуттық тез кір жуу бағдарламасы - әрқашан қолы босамай жүретіндерге таптырмас шешім.

Енді сүйікті киіміңізді небәрі 15 минутта жууға болады!

Балалардан қорғайтын құлып

«Балалардан қорғайтын құлып» басқару панелінің бұғаттау қызметі балалардың машина жұмысына араласпауына мүмкіндік береді.

Аталған қызметті қосқан кезде машинаны пайдалану процесі ойнап жүрген балалардан қорғалып тұрады.

Қолмен жуу

Күтімді жуу сәйкес температураға, судың қажет көлеміне және іш-киімдерге жұмсақ әсер етуге байланысты жүреді.

Жууды кейін бастау

Бұл қызмет кір жуғыш машинасын өзіңізге ыңғайлы уақытта пайдалану үшін (арасы 1 сағаттан 19 сағаттан артық емес) кір жууды кейін бастауға мүмкіндік береді.

2_ Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі

 

 

 

 

WF1702WC-03056B-15_KK.indd 2

2014/8/12 17:16:13