Су ағызатын шлангты қосу

Samsung биіктігі 65см тік құбырды қолдануды ұсынады. Су ағызатын шланг ұстағыш арқылы тік құбырға бағытталуы керек. Тік құбырдың ішкі диаметрі суды ағызатын шлангтің сыртқы диаметрінен үлкенірек болуы керек. Су ағызатын шланг кір жуғыш машинаға фабрикада жалғастырылған.

Машинаны орнатуға орын таңдау

Кір жуғыш машинаны мықты еденге орнатқан жөн. Ағаш еденге орнатқан кезде діріл мен үйлеспеген ауырлықты азайту үшін оны бекітіп қойған жөн. Кір жуғыш машинаны кілемнің немесе жұмсақ плитаның үстіне орнатқан кезде оның дірілі күшейе түседі; сыққан кезде кір жуғыш машина аздап қозғалады.

Кір жуғыш машинаны тақтай тұғырға және қатты емес қабатқа орнатпаңыз.

Үй-жайдағы температура

Кір жуғыш машинаны су қатып қалуы мүмкін орындарға орнатпаңыз, себебі машинада әрқашан (су клапанында, сорғыда және шлангтерде) аздаған су қалып қалады. Қатып қалған су жетек тартпасын, сорапты және басқа да бөліктерді бұзуы мүмкін.

Шкафтар мен жабық орындарда орнату

Кір жуғыш машина қауіпсіз жұмыс істеу үшін саңылаулар төмендегідей болуы керек:

жандарынан — 25 мм

арт жағынан — 50 мм

жоғарғы жағынан — 25 мм

алдынан — 465 мм

Кептіргіші бар кір жуғыш машинаны орнатқан кезде алдынан кем дегенде 465 мм кем емес саңылау қалдыру керек. Бір кір жуғыш машинаға саңылау қажет емес.

Кір жуғыш машинаны орнату

1-ҚАДАМ

Машинаны орнатуға орын таңдау

Кір жуғыш машинаны орнатпас бұрын. Орнатылатын орын төмендегі талаптарға сәйкес болуына көз жеткізіңіз:

желдетуге кедергі келтіретін кілем және басқа да жапқыштар жоқ тегіс, қатты еден;

орын тікелей күн сәулесінің түсуінен қорғалуы керек;

оңай желдетілу керек;

температура 0°-тан төмен болмауы керек;

жылу көздерінен (маймен немесе газбен жылытқыштар) алыс орналасу керек;

электр қуаты кабелі кір жуғыш машинаның астында қалып қалмайтындай кең орын.

Кір жуғыш машинаны орнату _15

01 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ

WF1802NFWS-02974B-14_KK.indd 15

2017/3/8 10:44:02

Page 103
Image 103
Samsung WF1802NFWS/YLP, WF1802NFSS/YLP Кір жуғыш машинаны орнату, Су ағызатын шлангты қосу, Машинаны орнатуға орын таңдау