Циклды ауыстырғышты пайдалана отырып кір жуу

Samsung компаниясы шығарған Fuzzy Control кір жууды автоматты басқару жүйесінің арқасында кір жуу оңай, әрі ұнамды іс болады. Кір жуу бағдарламасын таңдаған кезде машина дұрыс температураны, кір жуу уақыты мен жылдамдығын өзі белгілейді.

1.Су құбыры кранын ашыңыз.

2.Вкл./Выкл. (Қуат) түймешігін басыңыз.

3.Есігін ашыңыз.

4.Заттарды барабанға бір-бірден, қатты толтырмай салыңыз.

5.Есігін жабыңыз.

6.Жуғыш затты, жұмсартқышты және алдын ала жуғыш затты (егер қажет болса) тиісті үлестіргіштерге салыңыз.

Алдын ала жуу циклі тек мына бағдарламаларда ғана бар: Хлопок (Мақта мата), Синтетика (Синтетика), Джинсы (Джинс), Спортивные вещи (Спорт), Постельное белье (Төсек жабдығы), Детские вещи (Балаға арналған), Темные вещи (Баран киімдер), Ежедневная (Күнделікті жуу). Мұндай жуу заттар өте кір болса ғана қолданылады.

7.Мата түріне сәйкес қажет циклді таңдау үшін цикл ауыстырғышты пайдаланыңыз: Хлопок (Мақта мата), Синтетика (Синтетика), Джинсы (Джинс), Спортивные вещи (Спорт), Постельное белье (Төсек жабдығы), Ручная стирка (Қолмен жуу), Очистка барабана Eco (Эко таза Барабан), Детские вещи (Балаға арналған), Темные вещи (Баран киімдер), Ежедневная (Күнделікті жуу), Шерсть (Жүн). Басқару панелінде сәйкес индикаторлар жанып тұрады.

8.Енді сәйкес түймешелердің көмегімен кір жуу температурасын, шаю санын, сығудың айналым саны мен кейінге қалдыру уақытын таңдауға болады.

9.Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) қою түймешесін басыңыз, кір жуу басталады. Кір жуу индикаторы жанып, дисплейде кір жуу циклінің қалған уақыты көрсетіледі.

Тоқтатып қою қызметі

Кір жуу басталғаннан кейін 5 минут ішінде кірді қосуға немесе азайтуға болады.

1.Есіктің бекітпесін ашу үшін Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) түймешігін басыңыз.

Егер су өте ЫСТЫҚ немесе су деңгейі өте ЖОҒАРЫ болса, есікті ашуға болмайды.

2.Есікті жапқаннан кейін, кір жууды бастау үшін Старт/Пауза (Бастау/Үзіліс) түймешігін басыңыз.

Цикл аяқталған кезде:

Кір жуу циклі толығымен аяқталғаннан кейін кір жуғыш машина қуаты автоматты түрде өшеді.

1.Есігін ашыңыз.

2.Кірді шығарыңыз.

02 КІР ЖУУ

Кір жуу _27

WF1802NFWS-02974B-14_KK.indd 27

2017/3/8 10:44:05

Page 115
Image 115
Samsung WF1802NFWS/YLP manual Циклды ауыстырғышты пайдалана отырып кір жуу, Тоқтатып қою қызметі, Цикл аяқталған кезде