Жүнді жууға арнайы сертификатталған

Кір жуғыш машина машинамен жууға болатын жүн өнімдеріне арналған Woolmark компаниясының қажетті техникалық шартына сай сынақтан өтті. Бұл таңба жуу көрсеткішіне ғана емес, жүн өнімдерінің маталарының күтіммен жуылатынына кепіл беретін қазіргі Woolmark шартынан да жақсырақ болып келетін жаңартылған сертификаттау болып табылады. Маталар Woolmark және Samsung компаниялары ұсынғандай киім жапсырмасындағы нұсқауларға сай жуылуы қажет.

Су ішекқұбыры және судың аққанын анықтайтын сенсор

(кейбір түрлерінде бар)

Samsung кір жуғыш машиналарының ақылды түрде жасалған су қауіпсіздігінің жүйесі судың ағуын дәл ағатын тұсынан тоқтатуға арналған ақылды ішекқұбырды және машинаның төменгі жағында орналасқан судың аққанын анықтайтын сенсорды қамтиды. Егер ішекқұбыр жыртылып кетсе немесе судың аққаны байқалса, судың түтікшеден ағуын тоқтату үшін ішкі су сіңіргіш жөкені шығарады.

Керамикалық жылытатын бөлігінің сенімділігі өте жоғары

және үнемді (кейбір түрлерінде бар)

Жаңа керамикалық жылытатын бөлік қарапайым жылытатын бөліктерге қарағанда екі есе сенімді, бұл жөндеуге кететін шығын мөлшерін азайтады. Сондай-ақ мұндай жылытатын

бөлікке қатты судан қақ тұрып қалмайды және ол электр энергиясын үнемдеуге көмегін тигізеді.

Бұл нұсқаулықта Samsung кір жуғыш машинасын орнату, қолдану және күту бойынша маңызды ақпараттар бар. Онда басқару панелі қалай жұмыс істейтіндігін, кір жуғыш машинаның мүмкіндіктері мен барлық қызметтерін қалай қолдану керектігін біле аласыз. 36 беттегі “Ақаулықтарды жою және қате туралы хабарламаларды оқу” бөлімінде бүлінулер болған жағдайда не жасау керек екендігі көрсетілген.

Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі _3

WF1802NFWS-02974B-14_KK.indd 3

 

 

2017/3/8 10:44:00