Кір жуғыш машинаны тазалау және күтіп баптау

Қатып қалған кір жуғыш машинаны жөндеу

Егер температура су қату температурасынан төмен түсіп, кір жуғыш машина қатып қалса, төмендегі жұмыстарды жүзеге асырыңыз.

1.Кір жуғыш машинаны розеткадан ажыратыңыз.

2.Су жіберетін шланг жалғанған су құбыры кранына шлангты ажыратып алуға болатындай етіп жылы су құйыңыз.

3.Су жіберетін шлангті шешіп алып, жылы суға салыңыз.

4.Кір жуғыш машинаның багына жылы су құйып, 10 минутқа қалдырыңыз.

5.Су жіберу шлангін кранға қайта жалғап, су жіберу мен ағызу жұмыстары түзелді ме, тексеріңіз.

Кір жуғыш машинаны сақтау

Кір жуғыш машинаны ұзақ уақыт сақтау керек болса, суын ағызып тастап, машинаны желіден ажыратып тастаған жөн. Егер кір жуғыш машинаны сақтауға қоярдың алдында шлангтары мен ішкі бөліктерінен суларын ағызып тастамаса, істен шығып қалуы мүмкін.

1.Содан кейін Хлопок (Мақта мата) циклын таңдап, Быстрая (Жылдам) түймешігін басыңыз да, циклді кір жуғыш машинаға ешбір зат салмай орындаңыз.

2.Су құбыры кранын жауып, су жіберетін шлангті ажыратыңыз.

3.Кір жуғыш машинаны электр желісінен өшіріп, бакқа таза ауа кіріп тұру үшін есігін ашық қалдырыңыз.

Егер кір жуғыш машина нөлден төмен температурада сақталса, пайдаланар алдында машинада қалған судың еріп кетуіне уақыт беріңіз.

36_ Кір жуғыш машинаны тазалау және күтіп баптау

WF906P4SA-03205E-07_KK.indd 36

2014/8/19 15:09:48

Page 124
Image 124
Samsung WF906P4SAWQ/LP, WF906P4SAGD/LP manual Қатып қалған кір жуғыш машинаны жөндеу, Кір жуғыш машинаны сақтау