Сақтандыру шаралары

ЕСКЕРТУ ОРНАТУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТЕТІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАР

Бұл құралды орнатуды білікті техник немесе қызмет көрсететін компания жүзеге асыруы керек.

-Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына, өртенуге, жарылысқа, бұйымның істен шығуына немесе жарақат алуға әкелуі мүмкін.

Бұл машинаның салмағы ауыр, оны қалай көтеруді ойластырыңыз.

Қорек сымын 220-240В/50Гц не бұдан қуатты розеткаға жалғаңыз және розетканы тек осы құрылғы үшін қолданыңыз. Сондай-ақ ұзартқыш сым қолданбаңыз.

-Тройник немесе қуаттану шнурын ұзарту арқылы қабырға розеткасына басқа аспапты бір уақытта қосу электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.

-Қуаттылығы, жиілігі және ток күші бұйымның техникалық сипаттамасында көрсетілген мәндерге сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз. Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкеп соғуы мүмкін. Ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз.

Қуаттану айырының байланысатын жерінен және байланыс қабатынан бөтен заттарды, мысалы, шаң немесе суды құрғақ матамен сүртіп отырыңыз.

-Қуаттану айырын шығарып алып, оны құрғақ матамен тазалаңыз.

-Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.

Қуаттану айырын шнуры еденге қарай түсетіндей етіп, қабырға розеткасына дұрыс қосыңыз.

-Егер сіз қуаттану айырын розеткаға қуаттану шнуры қарсы бағытта болатындай етіп қосатын болсаңыз, онда шнурдағы электр желісі бүлініп, электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.

Барлық қаптау материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз, себебі қаптау материалдары олар үшін қауіпті болуы мүмкін.

-Егер сәби басын қалташаға тығып алса, нәтижесінде тұншығып қалуы мүмкін.

Егер осы машина, не қуаттану айыры немесе қуаттану шнуры бүлінген болса, жақын маңда орналасқан қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.

Бұл машина жерге берік байланысылуы керек.

Машинаны газбен қамтамасыз ету құбыры, су құбырының пластмасса түтігі немесе телефон желісі арқылы жерге байланыстырмаңыз.

-Бұл электр тоғының соғуына, өртенуге, жарылысқа немесе бұйымның жұмыс істемей қалуына әкелуі мүмкін.

-Жерге дұрыс қосылмаған розеткаға қуаттану шнурын қоспаңыз. Жерге байланыстыру жергілікті және мемлекеттік ережелерге сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңізs.

Бұл машинаны жылытқыш құралдар мен жанғыш материалдардың жанына орналастырмаңыз.

Машинаны ылғалды, май, шаң жерге немесе күн сәулесі және су тікелей түсетін (мысалы, жаңбыр тамшысының астына) жерге орналастырмаңыз.

Бұл машинаны температурасы төмен жерлерге орнатпаңыз.

-Аяз құбырларды жарып жіберуі мүмкін.

Бұл машинаны газ шығуы мүмкін жерлерге орнатпаңыз.

-Бұл электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін. Электр трансформаторын пайдаланбаңыз.

6_ Сақтандыру шаралары

WF906P4SA-03205E-07_KK.indd 6

2014/8/19 15:09:35

Page 94
Image 94
Samsung WF906P4SAWQ/LP, WF906P4SAGD/LP manual Ескерту Орнатуға Қатысты Ескертетін Маңызды Ақпараттар