Сақтандыру шаралары

Машинаның кірленген жерлерін бензинмен, керосинмен, бензолмен, бояу еріткішпен, спиртпен және басқа да өртенгіш немесе жарылғыш заттармен жумаңыз.

-Бұл электр тоғының соғуына, өртенуге және жарылысқа әкелуі мүмкін.

Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрғанда (жоғары температурадағы сумен жуу/ кептіру/сығу режимдерінде) оның есігін күшпен ашпаңыз.

-Кір жуғыш машинадан аққан су күйдіруі, еденді сырғанақ етуі мүмкін.

Бұл жарақаттануға әкелуі мүмкін.

-Есікті күштеп ашу машинаның сынуына немесе жарақат алуға әкелуі мүмкін.

Қолыңызды машинаның астына тықпаңыз.

-Бұл жарақаттануға әкелуі мүмкін.

Қуаттану айырын су қолмен ұстамаңыз.

-Бұл электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.

Машина жұмыс істеп тұрған кезде оны өшіру үшін қуаттану айырын суырмаңыз.

-Қуаттану айырын қабырға розеткасына қайта тығу ұшқын пайда болып, электр тоғы соғуы мен өртенуге әкелуі мүмкін.

Балалар мен әлсіз адамдарға қараусыз бұл машинана пайдалануға рұқсат бермеңіз. Балаларды машинаның үстіне шығармаңыз.

-Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына, күю немесе жарақат алуға әкелуі мүмкін.

Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрған кезде қолыңызды немесе басқа бір темір затты астына тықпаңыз.

-Бұл жарақаттануға әкелуі мүмкін.

Машинаны қуаттану шнурынан тартып өшірмеңіз, айырды мықтап ұстап, қуаттану розеткасынан тікелей суырыңыз.

-Шнурдың бүлінуі қысқа тұйықталуға, өртенуге және/немесе электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.

Машинаны өздігіңізден жөндеуге, бөлшектеп тастауға немесе қайта жасауға тырыспаңыз.

-Стандартты ерігіш басқа ерігіш сақтандырғыштарды (мысалы, мыс қойғыш, болат сымы және т.б.) пайдаланбаңыз.

-Егер машинаны жөндеу немесе қайтадан орнату керек болса жақын маңайдағы қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.

-Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына, өртенуге, машинаның сынуына немесе жарақаттануға әкелуі мүмкін.

Егер су құятын шүмекке жалғанған су түтігі босап қалып, құрылғы судың астында қалса, ашаны розеткадан суырыңыз.

-Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.

Егер машина ұзақ уақыт пайдаланылмайтын немесе күн күркіреп/найзағай жарқырап жаңбыр жауса қуаттану айырын ажыратып тастаңыз.

-Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.

8_ Сақтандыру шаралары

WF906P4SA-03205E-07_KK.indd 8

2014/8/19 15:09:35

Page 96
Image 96
Samsung WF906P4SAWQ/LP, WF906P4SAGD/LP manual Сақтандыру шаралары