Samsung Smart Home бағдарламалық жасақтамасы

Samsung Smart Home қолданбасын пайдаланған кезде Параметр орнату мәзірінен “Samsung Smart Home” функциясының таңдалып тұрғанына көз жеткізіңіз.

Samsung Smart Home бағдарламалық жасақтамасы кір жуғыш машинаға сырттан қосылуға және басқаруға мүмкіндік береді.

Орнату

1.Google Play Store дүкеніне Android құрылғыларын, немесе Apple App Store дүкеніне iOS құрылғыларын пайдалансаңыз барыңыз да, Samsung Smart Home бағдарламасын таңдаңыз.

2.Ұялы құралыңызға Samsung Smart Home бағдарламалық жасақтамасын қотарып, орнатып алыңыз.

Samsung Smart Home бағдарламалық жасақтамасы Android OS 4.0 (ICS) немесе кейінгі нұсқаларына қолдау көрсетеді және Samsung смартфондары (Galaxy S және Galaxy Note сериялары) үшін пайдалануға оңтайлы етілген. Осы бағдарламалық жасақтаманың кей функциялары басқа құрылғыларда басқаша жұмыс істеуі мүмкін.

Бұл бағдарламалық жасақтама iOS 7 немесе соңғы нұсқасына iPhone үлгілерінде қолдау көрсетеді.

Осы бағдарламалық жасақтаманың жұмыс өнімділігін жетілдіру үшін, оның пайдаланушы интерфейсіне алдын ала ескертусіз өзгеріс енгізіледі.

Бұл бағдарламалық жасақтамаға iPhone үлгілерінде 2014-ші жылдың екінші жартысынан бастап Apple App Store арқылы қол жеткізуге болады деп жоспарланып отыр.

Дайындық

1.Бағдарламалық жасақтаманы қосу үшін сізде Samsung тіркелгісі болуы керек. Егер тіркелгіңіз болмаса, сізге бағдарламалық жасақтама арқылы Samsung тіркелгісін құруға бағыт-бағдар беріледі. Бұл үшін басқа бағдарламалық жасақтама қажет емес.

2.Бағдарламалық жасақтаманы қосу үшін әуелі кір жуғыш машинаңызды Samsung Smart Home қызметіне тіркеңіз.

1)Кір жуғыш машинаны Samsung Smart Home бағдарламалық жасақтама тізімінен таңдаңыз.

2)Сымсыз байланысты қолдану үшін қажет сымсыз КП-на қажетті ақпараттың барлығын енгізіңіз.

3)Кір жуғыш машинаның параметрлерін теңшеу үшін дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.

4)Кір жуғыш машинадан Настройка (Параметрлер) > Оңай қосу параметрлерін таңдап, желі параметрлерін теңшеңіз.

5)Аяқталған кезде бағдарламалық жасақтамадан кір жуғыш машина белгісін көресіз.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Wi-Fi сертификаты жоқ роутерлер қосылым орната алмауы мүмкін.

Кір жуғыш машина және КП-ын микротолқынды пештердің немесе электрлі шаш кептіргіштердің қасына орнатсаңыз, электр бөгеуілдеріне байланысты Smart Control дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Бұл кір жуғыш машина Wi-Fi 2.4гГц протоколдарына ғана қолдау көрсетеді.

Қоршаған ортадағы жағдай сымсыз желінің қалып-күйіне әсер етуі мүмкін.

Егер бағдарламалық жасақтаманы, оған кірмей іске қоссаңыз, Account guidance (Тіркелгі б/ша нұсқау) бейнебеті көрсетіледі. Кіргеннен кейін Settings (Параметрлер) > Account (Тіркелгі) көмегімен тіркелгіңіздің параметрлерін өзгертуге болады.

Samsung smartphone пайдаланушылары өз тіркелгілерін Settings (Параметрлер) арқылы тіркегеннен кейін бағдарламалық жасақтамаға автоматты түрде кіре алады.

Казақ - 40

Untitled-7 40

2017-06-12 ￿￿ 2:55:30

Page 152
Image 152
Samsung WW10H9600EW/LP manual Орнату, Дайындық