ЕСКЕРІМ

Мата жұмсартқыштың бағыттағышы үлгі түріне қарай әр түрлі болуы мүмкін.

НАЗАР САЛЫҢЫЗ

Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрғанда, жуғыш зат үлестіргішін ашпаңыз.

Келесі жуғыш заттарды үлестіргішке салып пайдаланбаңыз: -- Таблетка және капсул ішіндегі жуғыш зат -- Шарик немесе торға салынған

Бөлік бітеліп қалмау үшін концентрацияланған немесе қою заттарды (мата жұмсартқыштарды немесе жуғыш затты) пайдалану алдында су қосып сұйылтып алу керек.

Кешіктіріп аяқтау циклы таңдалғанда, жуғыш затты барабанға тура салмаңыз. Себебі, кірдің түсі оңып кетуі мүмкін. Кешіктіріп аяқтау таңдалғанда жуғыш зат тартпасын пайдаланыңыз.

Жуғыш заттарды жуғыш зат үлестіргішке салу

1. Жуғыш зат үлестіргішті сырғытып ашыңыз.

2. Кір жуғыш затты негізгі жуу циклына арналған бөлікке өндіруші нұсқаулары немесе ұсынысы бойынша салыңыз. Сұйық жуғыш затты пайдалану үшін 31-бетті қараңыз.

Казақ 29 

алдында кірісу Іске

Untitled-1 29

 

 

9/14/2017 5:28:58 PM