Күтім көрсету

Күтім көрсету

Сорғының сүзгісі

Сорғының сүзгісі бітеліп қалмау үшін жылына 5 немесе 6 рет жууды ұсынамыз. Сорғының сүзгісі бітеліп қалса, көпіршіктің әсерін төмендетуі мүмкін.

1. Кір жуғыш машинаны сөндіру үшін қуат сымын ағытыңыз.

2. Барабанның ішінде қалған суды төгіңіз. “Төтенше жағдайда су төгу” бөлімін қараңыз.

3. Ашу үшін сүзгі қақпағының үстіңгі жағын баппен түртіңіз.

4. Сорғы сүзгісінің тетігін солға бұрап, қалған суды төгіңіз.

5. Сорғы сүзгісін жұмсақ шөткемен тазалаңыз. Сүзгінің ішіндегі су төгетін сорғы қозғалтқышының бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.

6. Сорғы сүзгісін қайта салып, сүзгінің тетігін оңға бұраңыз.

ЕСКЕРІМ

Егер сорғы сүзгісі бітеліп қалса экранда “5C” ақпарат коды пайда болады.

НАЗАР САЛЫҢЫЗ

• Сүзгіні тазалап болғаннан кейін сүзгі тетігінің

дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз. Бұлай істемегенде, су ағуы мүмкін.

• Сүзгіні тазалап болғаннан кейін дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз. Бұлай істемегенде, дұрыс жұмыс істемеуі немесе су ағуы мүмкін.

44 Казақ

Untitled-1 44

9/14/2017 5:29:01 PM

Page 164
Image 164
Samsung WW80J5545FX/LP, WW80J5545FW/LP manual Сорғының сүзгісі, Ашу үшін сүзгі қақпағының үстіңгі жағын баппен түртіңіз