Іске кірісу алдында

Бастапқы параметрлер

Калибрлеу параметрін қосу (ұсынылады)

Калибрлеу циклы кір жуғыш машинаның салмақты нақты анықтауына көмектеседі. Калибрлеу циклын бастау алдында барабанның бос екеніне көз жеткізіңіз.

1.Кір жуғыш машинаны сөндіріңіз, содан кейін қайта қосыңыз.

2. Темп. және Кешіктіріп аяқтау түймелерін 3 секунд басып ұстау арқылы Калибрлеу режиміне кіріңіз. “Cb” хабары пайда болады.

3.Бастау/Үзіліс түймесін басып Калибрлеу циклын қосыңыз.

4.Барабан сағат тілінің бағытымен және оған қарсы шамамен 3 минут айналады.

5.Цикл аяқталғанда дисплейде "0" пайда болады да, кір жуғыш машина автоматты түрде сөнеді.

6.Кір жуғыш машина енді қолдана беруге дайын тұр.

Кір жуу туралы кеңес

ҚАДАМ: 1 Сұрыптау

Кірді төмендегі белгілері бойынша сұрыптаңыз:

Затбелгі: Кірді мақта мата, аралас мата, синтетика, жібек мата, жүн мата және жасанды талшық түрлеріне бөліп сұрыптаңыз.

Түсі: Ақ киімдерді түрлі түсті киімдерден бөліңіз.

Көлемі: Барабанға әр түрлі киімдерді араластырып салғанда жуу нәтижесі жақсарады.

Нәзіктік: Нәзік матадан жасалған заттарды, таза, жаңа жүн мата, перде және жібек маталардан бөлек жуыңыз. Жуылатын киімдердің затбелгілерін қараңыз.

ЕСКЕРІМ

Киімдердің затбелгілерін міндетті түрде қарап, жуу алдында тиісінше сұрыптаңыз.

Казақ 25 

алдында кірісу Іске

Untitled-1 25

 

 

9/14/2017 5:28:57 PM