Параметрлер

Бала қауіпсіздігінің құралы

Балалар оқыс жағдайларға тап болмау үшін Бала қауіпсіздігінің құралы Қуат түймесінен басқа түймелердің барлығын бұғаттайды.

Бала қауіпсіздігінің құралы функциясын орнату үшін Темп. және Шаю түймелерін 3 секунд қатар басыңыз.

Бала қауіпсіздігінің құралы функциясын өшіру үшін Темп. және Шаю түймелерін 3 секунд қатар басыңыз.

ЕСКЕРІМ

Бала қауіпсіздігінің құралы күйінде тұрғанда, жуғыш зат немесе кір салғыңыз келсе немесе қазіргі параметрлерді өзгерткіңіз келсе, әуелі Бала қауіпсіздігінің құралы функциясын өшіру керек.

Бұл параметр машинаны қайта іске қосқаннан кейін де белсенді тұрады.

Дыбыстық сигналды қосу/сөндіру

Кір жуғыш машина арқылы дыбысты қосуға немесе сөндіруге болады. Бұл параметр машинаны қайта іске қосқаннан кейін де белсенді тұрады.

Дыбысты үнсіз режимге қою үшін Шаю және Айналдыру және түймелерін 3 секунд қатар басыңыз.

Дыбысты қайта қосу үшін тағы 3 секунд басып ұстап тұрыңыз.

пайдалану Іске

Казақ 39 

Untitled-139

 

 

9/14/2017 5:29:00 PM