Егер кір есікке қыстырылып қалса, киімге немесе кір жуғыш машинаға нұқсан келуі немесе су ағып кетуі мүмкін.

Кір жуғыш машинаны пайдаланбаған кезде суды жауып қойыңыз.

Су құятын түтіктің жалғастырғышының бұрандаларының дұрыс қатайтылғанын тексеріңіз.

Бұлай істемеген жағдайда, мүлікке зиян келуі не адам жарақаттануы мүмкін.

Резеңке тығыздағыш пен алдыңғы есікті ешбір бөгде зат (мысалы, қоқыс, жіп, шаш т.с.с.) ластап тастамауын қамтамасыз етіңіз.

Есікке бөгде зат қыстырылып қалса немесе есік толық жабылмаса су ағып кетуі мүмкін.

Судың шүмегін ашыңыз да, су құятын түтік жалғастырғышының әбден қатайтылғанын және құрылғыны қолданар алдында еш су ақпай тұрғанын тексеріңіз.

Егер су құятын түтік жалғастырғышының бұрандалары босап қалса, су ағып кетуі мүмкін. Сатып алған құрылғыңыз тұрмыста қолдануға ғана арналған.

Құрылғыны коммерциялық мақсатта пайдалану, көрсетілген мақсатта пайдаланбауға жатады. Бұндай жағдайда, өнім Samsung тарапынан берілетін стандартты кепілдік бойынша қарастырылмайды және дұрыс қолданбау салдарынан орын алған ақау немесе нұқсанға Samsung компаниясы жауапкершілік көтермейді.

Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе үстіне зат (мысалы, кір, жанып тұрған шамшырақ, тұтатылған темекі, ыдыс-аяқ, химиялық заттар, темір заттар т.с.с.) қоймаңыз.

Бұның нәтижесінде электр, өрт қатері орын алып, құрылғыға нұқсан келуі не адам жарақаттануы мүмкін.

Машинаның үстіне инсектицидтер сияқты тез буланатын заттарды шашпаңыз.

Бұндай заттар адам үшін ғана қауіпті емес, электр қатерін тудыруы, өрт шығаруы немесе құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.

Электрмагнитті өріс шығаратын заттарды кір жуғыш машинаның қасына қоймаңыз.

Дұрыс жұмыс істемей, адам жарақат алуы мүмкін.

Жоғары температурамен жуу кезінде төгілген су немесе кептіру циклы ыстық болады. Суға қол тигізбеңіз.

Күйіп қалуыңыз немесе жарақат алуыңыз мүмкін.

Су өткізбейтін көрпеше, төсем немесе киімдерді (*), құрылғыңызда осындай заттарды жууға арналған арнайы цикл болмаса жумаңыз.

(*): Жүн матадан жасалған төсек жабдықтары, жаңбыр жамылғылары, балықшы күртешесі, шаңғы тебуге арналған шалбар, жол төсек, жаялық, терлеуге, велосипед, мотоцикл, машинаны т.с.с. жабуға арналған жамылғылар.

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қазақша 11

WW80J7250GW_03508B-04-KK.indd 11

2017/3/3 10:48:43

Page 123
Image 123
Samsung WW80J7250GX/LP, WW80J7250GW/LP manual Қазақша 11