Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Машинаны өздігіңізден жөндеуге, бөлшектеп тастауға немесе қайта жасауға тырыспаңыз.

Стандартты сақтандырғыштан басқа сақтандырғышты (мысалы, мыс, темір орамасы бар т.с.с.) қолданбаңыз.

Құрылғыны жөндеу немесе қайта орнату қажет болған кезде, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Бұлай істемегенде, электр қатері орын алуы, өрт шығуы, өнімге нұқсан келуі немесе адам жарақат алуы мүмкін.

Егер су құятын шүмекке жалғанған су түтігі босап қалып, құрылғы судың астында қалса, ашаны розеткадан суырыңыз.

Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкеп соғуы мүмкін.

Құрылғы ұзақ уақыт қолданыста болмаса немесе найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде құрылғының ашасын розеткадан суырыңыз.

Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкеп соғуы мүмкін.

Егер құрылғыға қандай да бір бөгде зат кіріп кетсе, ашасын розеткадан суырып, ең жақын жердегі Samsung тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Пайдалануға қатысты ескертулер

АБАЙЛАҢЫЗ

Кір жуғыш машинаны жуғыш зат, шаң, тағам қалдықтары т.с.с. зат ластаса, ашаны розеткадан суырыңыз да, кір жуғыш машинаны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.

Бұлай істемегенде, құрылғының өңі кетіп, деформациялануы не бүлінуі не тоттануы мүмкін.

Алдыңғы әйнек қатты соққыдан сынып кетуі мүмкін. Кір жуғыш машинаны пайдаланған кезде абай болыңыз.

Шынысы сынып қалса, жарақат алу қаупі бар.

Су құйылмай қалса немесе су құятын түтікті қайта жалғаған кезде, судың шүмегін баяу ашыңыз.

Судың шүмегін құрылғыны ұзақ уақыт қолданбай барып іске қосқанда байқап ашыңыз.

Су құятын түтіктегі не су құбырындағы ауаның қысымы, құрылғының бөлшегін зақымдауы немесе су ағып кетуге себеп болуы мүмкін.

Жұмыс істеп тұрғанда су төгілсе, су төгуге қатысты ақаулықтың бар-жоғын тексеріңіз.

Су төгіліп, құрылғы суда қалған кезде оны іске қоссаңыз, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Кірді салған кезде есікке қысылып қалмайтын етіп, кір жуғыш машинаға әбден салу керек.

10 Қазақша

WW80J7250GW_03508B-04-KK.indd 10

2017/3/3 10:48:43

Page 122
Image 122
Samsung WW80J7250GW/LP, WW80J7250GX/LP manual Пайдалануға қатысты ескертулер