Орнату талаптары

Электр жүйесіне қосу және жерге байланыстыру

220-240 В / 50 Гц АТ сақтандырғыш немесе айырып-қосқыш қажет

Кір жуғыш машинаға арналып арнайы тұйықталған желіні пайдаланыңыз

Дұрыс жерге қосуды қамтамасыз үшін кір жуғыш машина үш контактілі айырмен келеді, оны дұрыс орнатылған, жерге байланыстырылған розеткаға қосыңыз. Егер жерге қосу туралы білмесеңіз, білікті электршіге немесе қызмет көрсету маманына хабарласыңыз.

Берілген ашаны өзгертпеңіз. Егер аша розеткаға сәйкес келмесе, кәсіби электршіге хабарласып, дұрыс розетка орнатып беруін сұраңыз.

ЕСКЕРТУ

Ұзартқыш сым ҚОЛДАНБАҢЫЗ.

Кір жуғыш машинамен бірге жеткізілген қуат сымын ғана пайдаланыңыз.

Жерге қосуды пластик қабатқа, газ құбырларына немесе ыстық су құбырларына ҚОСПАҢЫЗ.

Жерге дұрыс тартылмаған кабельдер электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.

Су жіберетін шлангі қосу

Бұл кір жуғыш машинаға арналған дұрыс су қысымы 50 kPa және 800 kPa арасында болады. 50 kPa қысымынан аз су қысымы су клапанының толығымен жабылмауына себеп болуы мүмкін. Немесе барабанға су толтыруға ұзақ уақыт кетуі мүмкін, нәтижесінде кір жуғыш машина сөніп қалуы мүмкін. Машинамен бірге жеткізілген су жіберетін шлангілер кір жуғыш машинаға жететіндей болуы үшін су құбыры крандары кір жуғыш машинаның арт жағынан 120 см қашық емес оналасуы тиіс.

Жылыстау қаупін азайту үшін:

Су құбыры крандарына ыңғайлы қосылуды қамтамасыз етіңіз.

Кір жуғыш машинаны пайдаланбаған кезде су шүмектерін жауып қойыңыз.

Су құятын түтік фитингтерін уақытылы тексеріп, су ағып тұрған-тұрмағанын тексеріңіз.

АБАЙЛАҢЫЗ

Кір жуғыш машинаны ең алғаш рет пайдалану алдында су қосылымдарының барлық клапандарынан және шүмектерінен су ағып тұрмағанын тексеріңіз.

Су ағызатын шлангты қосу

Samsung биіктігі 60~90 см тік құбырды пайдалануды ұсынады.Құятын шланг суайдауыш құбырға шланг қысқышы арқылы қосылуы керек және суайдауыш құбыр құятын шлангіні толықтай қамтуы керек.

Орнату

Қазақша 17

WW80J7250GW_03508B-04-KK.indd 17

2017/3/3 10:48:43

Page 129
Image 129
Samsung WW80J7250GX/LP manual Орнату талаптары, Электр жүйесіне қосу және жерге байланыстыру, Су жіберетін шлангі қосу