5-ҚАДАМ - Жүктеу сыйымдылығын анықтау

Кір жуғыш машинаны шамадан тыс толтырмаңыз. Шамадан тыс көп кір салған кезде, кір жуғыш машина дұрыс жумайды. Кірдің түріне қарай қанша кір салуға болатыны туралы ақпаратты 32-беттен қараңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Төсек-орын жабдықтарын немесе төсек- орын тыстарын жуу кезінде кір жуу уақыты ұзартылуы немесе айналдыру өнімділігі азайтылуы мүмкін. Төсек-орын жабдықтарын немесе төсек-орын тыстары үшін ұсынылған максималды айналдыру циклі 800 а/м және жүктеу сыйымдылығы 2,0 кг немесе одан аз.

АБАЙЛАҢЫЗ

Жуылатын бұйымдар біркелкі және "Ub" қате коды көрсетілсе, жүкті қайта бөліңіз. Біркелкі емес жуылатын киімдер айналу өнімділігін азайтуы мүмкін.

ЕСКЕРТПЕ

Кірдің салмағына, кірлеу деңгейіне және тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне қарай отырып, әрқашан жуғыш зат өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Егер судың кермектігі жайлы күмәніңіз болса, жергілікті сумен жабдықтау мекемесіне хабарласыңыз.

Қаттылануға немесе кристалдануға бейімді кір жуу құралын пайдаланбаңыз. Бұл кір жуу құралы жуу циклінен кейін қалып, ағатын шығысты бітеуі мүмкін.

АБАЙЛАҢЫЗ

Кір жуғыш машина жүн циклында пайдаланылған кезде бейтарап сұйық жуғыш зат қолданыңыз. Жүн курсы бар ұнтақ кір жуу құралы жуылатын бұйымдарда қалуы және жуылатын бұйымдардың түсін жоюы мүмкін.

Бастаудан бұрын

6-ҚАДАМ - Жуғыш затты дұрыс таңдап пайдаланыңыз

Кір жуу құралының түрі матаның түріне (мақта, синтетика, нәзік бұйымдар, жүн), түсіне, жуу температурасына және ластану дәрежесіне байланысты болады. Әрқашан да автоматты кір жуғыш машинаға арналған, аз көбіктенетін кір жууға арналған құралды пайдаланыңыз.

Қазақша 27

WW80J7250GW_03508B-04-KK.indd 27

2017/3/3 10:48:45

Page 139
Image 139
Samsung WW80J7250GX/LP, WW80J7250GW/LP manual Қадам Жүктеу сыйымдылығын анықтау, Қадам Жуғыш затты дұрыс таңдап пайдаланыңыз