тазалау және күтім көрсету
БУМЕН ТАЗАЛАУ (ҮЛГІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ)
Егер пеш лас болса, оны бумен тазалау функциясын қолданып тазалауға болады. Бұл режим пештің ішін барынша оңай тазалауға көмектеседі.
1. Бумен тазалау функциясын пайдаланар алдында пештің ішіндегі
2.400 мл (3/4 пинта) суды пештің табанына құйып, пештің есігін жабыңыз.
3.Режим таңдау тетігін қалпына бұраңыз. Бумен тазалау функциясын таңдағаннан кейін бумен тазалау функциясы бірнеше секундтан кейін автоматты түрде басталады.
4.Бейнебет жыпылықтап, сигнал естілген кезде бумен тазалау жұмысы аяқталады. Бумен тазалауды аяқтау үшін режим таңдау тетігін "Сөндіру" қалпына қойыңыз.
5.Пештің ішін жұмсақ таза шүберекпен сүртіп, пештің табанында қалған суды жөкеге сіңіріп тазалаңыз.
АҚПАРАТ
•Егер пештің іші ыстық болса, бумен тазалау режимі жұмыс істемейді. Пешті іске қосу алдында суытып алыңыз.
ЕСКЕРТУ
•Бумен тазалау үрдісі аяқталмай тұрып пешті ашар кезде абай болыңыз; пештің табанындағы су ыстық.
•Пештің табанындағы суды ешқашан ұзақ уақыт, әсіресе түні бойы қалдырып қоймаңыз.
•Егер пеш қатты ластанып кетсе, суығаннан кейін тазалау жұмысын қайта қайталауға болады.
•Егер пеш, мысалы гриль жасау немесе қуыру режимдерінен кейін қатты майланып кетсе, тазалау функциясын іске қоспай тұрып, жуғыш затты қатып қалған қоқысқа сіңіре ысқылаңыз.
•Пештің ішкі эмаль қаптамасын әбден кептіру үшін, пешті тазалап болғаннан кейін есігін ашыңқырып қойыңыз.
КАТАЛИТТІ ЭМАЛЬ ҚАБАТЫ (ҮЛГІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ)
Қара сұры каталитті эмальмен қапталған, алмалы бөліктерінің беткі қаптамасына, конвекция арқылы қыздырған кезде май жиналып қалуы мүмкін. Бұл қалдықтар пештің 200 °C градус және одан жоғары температурасында күйіп кетеді.
1.Пештің
2.Пештің ішкі беттерін түгел тазалап болғаннан кейін пешті 250°C конвекция режиміне бір сағатқа қойыңыз.
АҚПАРАТ
•Үлгі түріне қарай каталитті бөлшектердің 1 немесе 3 жағы қапталған болуы мүмкін.
Казақ - 25
09ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
Neo