ҚОЛМЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ: Тазалар алдында пеш пен пештің
Жеміргіш заттарды, қатты шөткелерді, түрпілі жөке немесе шүберекті, темір жөкені, пышақ немесе басқа да жеміргіш құралмен тазалауға болмайды.
Пештің ішкі жасақтамасы
•Пештің ішін тазалау үшін, таза шүберек пен жұмсақ жуғыш затты немесе сабынды суды қолданыңыз.
•Есіктің тығыздағышын қолмен тазаламаңыз.
•Пештің эмаль қаптамасын бүлдіріп алмас үшін, пешке ғана арналған жуғыш заттарды қолданыңыз.
•Қатып қалған қоқысты тазалау үшін арнаулы пеш тазалағышты қолданыңыз.
Пештің сырты
Пештің есігі, тұтқасы және бейнебеті тәрізді сыртқы жақтарын тазалау үшін таза шүберек пен жуғыш затты немесе жылы сабынды суды пайдаланыңыз да, ас үй сүрткішімен немесе құрғақ сүлгімен сүртіңіз.
Пештен шығатын ыстық ауаға байланысты тұтқаның немесе тетіктердің айналасына май және қоқыс жиналып қалатындықтан, пешті пайдаланып болғаннан кейін тұтқасы мен тетіктерін тазалаңыз.
Керек-жарақтары
Пештің
СУ САУЫТЫН ТАЗАЛАУ (ҮЛГІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ)
Су сауыты пеш жұмыс істеп тұрған кезде пайда болатын артық ылғалды жинайды. Су сауытына тағам қалдығы жиналады.
Су сауытын ас үй құрылғыларына нұқсан келмеу үшін тағам пісіріп болғаннан кейін уақытылы тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ: Тағам пісіріп болғаннан кейін су тартпасынан су аққанын байқасаңыз, қызмет көрсету орталығы арқылы бізге хабарласыңыз.
Су тартпасы
БҮЙІРЛІК СЫРҒЫТПА ЖОЛДАРДЫ АЛУ (ҮЛГІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ)
1.Бүйірлік сырғытпаның үстіңгі жағының ортасын басыңыз.
2.Бүйірлік сырғытпаны шамамен 45º градусқа айналдырыңыз.
3.Бүйірлік сырғытпаны астыңғы екі тесіктен тартып шығарыңыз. Орнату үшін осы қадамдарды кері ретпен орындаңыз.
Казақ - 26
Neo