Желілік қызметтер

Папкадағы виджеттерді пайдалану

1.Өңдеу режимі мәзірін жабыңыз.

2.Қолданбаларым ішінде ▲▼◄► түймелерін басып қалтаны таңдаңыз да, ЕНГІЗУ түймесін басыңыз. Қалта ашылады.

3.Виджетті таңдаңыз да, ЕНГІЗУ түймесін басыңыз. Виджеттің қолданбасы немесе қызметі іске қосылады.

Папкадағы элементтерді өңдеу

Виджетті таңдаңыз да, ЕНГІЗУ түймесін басыңыз. Қалта ашылады.

Қашықтан басқару құралындағы САРЫ (C) түймені басыңыз. Экранның төменгі жағында өңдеу түймелері пайда болады.

Бұл түймелер негізгі экрадағы Өңдеу режимі мәзір түймелері сияқты жұмыс істейді. Мысалы, виджетті қайтадан Қолданбаларым негізгі экранына жылжыту үшін:

1.Виджетті таңдаңыз.

2.Қалтаға жылжыту пәрменін таңдаңыз да, ЕНГІЗУ түймесін басыңыз. Папкаға жылжыту терезесі пайда болады.

3.Қолданбаларым аймағын таңдаңыз да, ЕНГІЗУ түймеcін басыңыз. Папкаға жылжыту экраны жабылады, ал виджет негізгі Қолданбаларым экранына оралады.

Нов. папка

Жаңа қалта функциясы жаңа қалталарды жасауға және атауға мүмкіндік береді. Папканы жасағаннан кейін, оған виджеттерді жылжытуға болады. Жаңа қалта функциясын пайдалану үшін, мына қадамдарды орындаңыз:

1.Қашықтан басқару құралындағы САРЫ (C) түймені басыңыз.

2.▲▼◄► түймелерін басып меңзерді Жаңа қалта элементіне апарыңыз да, ЕНГІЗУ түймесін басыңыз. Жаңа қалта терезесі және пернелер панелі пайда болады.

3.Пернелер панелін пайдаланып қалтаға атау беріңіз де, ЕНГІЗУ түймесін басыңыз. Жаңа қалта экраны жабылып, Smart Hub экранында жаңа қалта пайда болады.

Переим. папку

Папканың атын өзгерту функциясы қалталардың атын өзгертуге мүмкіндік береді. Папканың атын өзгерту функциясын пайдалану үшін, мына қадамдарды орындаңыз:

1.Қашықтан басқару құралындағы САРЫ (C) түймені басыңыз.

2.▲▼◄► түймелерінің көмегімен қалтаны таңдап, ЕНГІЗУ түймеcін басыңыз.

3.▲▼◄► түймелерін басып Қалтаның атын өзгерту элементін таңдаңыз да, ЕНГІЗУ түймесін басыңыз. Папканың атын өзгерту терезесі және пернелер панелі пайда болады.

4.Осы пернелер панелін пайдаланып жаңа атау теріңіз де, ЕНГІЗУ түймесін басыңыз. Атын өзгерту экраны жабылып, қалтаның астыңғы жағында жаңа атау пайда болады.

Блокировка

Құлыптау функциясы Қолданбаларым ішіндегі кейбір виджеттерді құлыптауға мүмкіндік береді. Олар ата-аналық қауіпсіздік коды енгізілмесе, ашылмайды.

Құлыптау функциясын пайдалану үшін, мына қадамдарды орындаңыз:

1.Қашықтан басқару құралындағы САРЫ (C) түймені басыңыз.

2.▲▼◄► түймелерінің көмегімен виджетті таңдап, ЕНГІЗУ түймеcін басыңыз. Егер виджетті құлыптау мүмкін болса, Lock (Құлыптау) мәзір элементі қосылады.

3.▲▼◄► түймелерінің көмегімен Құлыптау тармағын таңдап, ЕНГІЗУ түймеcін басыңыз. Құлыптау қызметі терезесі пайда болады.

4.Ата-аналық қауіпсіздік кодын енгізіңіз

(42-бетті қараңыз). Ата-аналық қауіпсіздік коды жасалмаған болса, 0000 сандарын енгізіңіз.

5.ЕНГІЗУ түймесін басыңыз. Құлыптауды растайтын Құлып қызметі терезесі пайда болып, жабылады. Виджеттің жанында құлып белгісі пайда болады.

60 Қазақша

Page 204
Image 204
Samsung BD-D6500/RU manual Папкадағы виджеттерді пайдалану, Өңдеу режимі мәзірін жабыңыз, Папкадағы элементтерді өңдеу