Негізгі мүмкіндіктер

Blu-ray дискісінің мүмкіндіктері

Blu-ray дискілері саладағы ең жоғары сапалы HD бейне пішімін қамтамасыз етеді. Жоғары сыйымдылық бейне сапасына еш әсер етпейді.

Төмендегі Blu-ray дискісінің мүмкіндіктері дискіге байланысты және әртүрлі болады. Мүмкіндіктердің көрінісі мен оларды пайдалану жолы да дискіге қарай әртүрлі болуы мүмкін. Төменде сипатталған мүмкіндіктер дискілердің барлығында бола бермейді.

Бейненің қысқа шолуы

BD-ROM пішімі жоғары жетілдірілген үш бейне кодекті, соның ішінде AVC, VC-1 және MPEG-2 қолдайды.

Төмендегі HD бейне ажыратымдылықтарына да қолдау бар:

1920 x 1080 жоғары ажыратымдылығы

1280 x 720 жоғары ажыратымдылығы

Жоғары айқындықта ойнату

Blu-ray дискісіндегі жоғары айқындықты мазмұндарды көру үшін, HDTV (Жоғары айқындықты телевизия) телевизиясы керек болады.

Кейбір Blu-ray дискілері жоғары айқындықты мазмұнды көру үшін ойнатқыштың HDMI OUT ұясын пайдалануды қажет етуі мүмкін.

Blu-ray дискілеріндегі айқындығы жоғары мазмұнды көру мүмкіндігі теледидардың ажыратымдылығына байланысты шектеулі болуы мүмкін.

BD-LIVE

Желі байланысы арқылы диск өндірушісі қамтамасыз ететін мазмұнды жүктеу үшін, BD- LIVE мүмкіндігін қолдайтын Blu-ray дискісін қолдануға болады.

Blu-ray диск ойнатқышының

мүмкіндіктері

3D функциясы

Бұл өнім HDMI кабелі арқылы 3D мазмұндарын ойнатуы мүмкін.

3D әсерін қолдану үшін, 3D құрылғысын (3D үйлесімді AV ресивер, 3D үйлесімді теледидар) HDMI кабелі арқылы ойнатқышқа жалғаңыз да, 3D көзілдірігін киіп, 3D мазмұнын ойнатыңыз.

Smart Hub

Желі байланысы арқылы түрлі ақылы немесе тегін қолданбаларды жүктеп алуға болады. Осы қолданбалар жаңалықтар, ауа райы болжамдары, қор биржасындағы бағалар, ойындар, бейне фильмдер және музыка сияқты түрлі мазмұндар мен интернет қызметтерін қамтамасыз етеді.

AllShare

Құрылғыларыңыздағы (мысалы, компьютер, мобильді байланыс құрылғысы немесе деректерді сақтау жүйесі) бейнелерді, музыканы және фотосуреттерді желі байланысы арқылы ойнатуға болады.

Мультимедиа файлдарын ойнату

USB жад құрылғысында анықталған түрлі мультимедиа файлдарын (MP3, JPEG, DivX, т.б.) ойнату үшін, USB байланысын пайдалануға болады.

2 Қазақша