Қауіпсіздік ақпараты

1-КЛАСТЫ ЛАЗЕР ӨНІМІ

Бұл ықшам диск ойнатқышы 1-КЛАСТЫ ЛАЗЕР өнімі болып табылады. Осы құжатта көрсетілмеген басқару элементтерін, реттеулерді немесе процедураларды пайдаланса, аса қауіпті радиациялық сәулелену жағдайлары туындауы мүмкін.

ЕСКЕРТУ.

АШЫҚ ТҰРҒАНДА 3B КЛАСТЫ КӨРІНЕТІН ЖӘНЕ КӨРІНБЕЙТІН ЛАЗЕР РАДИАЦИЯСЫН ШЫҒАРАДЫ. СӘУЛЕ ӘСЕРІНЕН АУЛАҚ БОЛЫҢЫЗ (IEC 60825-1)

БҰЛ ӨНІМ ЛАЗЕРДІ ПАЙДАЛАНАДЫ. ОСЫ ҚҰЖАТТА КӨРСЕТІЛМЕГЕН БАСҚАРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН, РЕТТЕУЛЕРДІ НЕМЕСЕ ПРОЦЕДУРАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНСА, АСА ҚАУІПТІ РАДИАЦИЯЛЫҚ СӘУЛЕЛЕНУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТУЫНДАУЫ МҮМКІН. ҚАҚПАҚТЫ АШПАҢЫЗ ЖӘНЕ ӨЗ БЕТІҢІЗБЕН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗБЕҢІЗ. БІЛІКТІ МАМАНҒА ЖӨНДЕТІҢІЗ.

CLASS 1

LASER PRODUCT

KLASSE 1

LASER PRODUKT

LUOKAN 1

LASER LAITE

KLASS 1

LASER APPARAT

PRODUCTO

LÁSER CLASE 1

Сақтық шаралар

Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары

Өнімді қолданбастан бұрын, осы пайдалану нұсқауларын мұқият оқып шығыңыз. Төменде берілген қауіпсіздік нұсқауларын қадағалаңыз. Осы пайдалану нұсқауларын болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

1.Осы нұсқауларды оқыңыз.

2.Осы нұсқауларды сақтаңыз.

3.Барлық ескертулерге назар аударыңыз.

4.Барлық нұсқауларды орындаңыз.

5.Бұл өнімді суға жақын жерде пайдаланбаңыз.

6.Тек құрғақ шүберекпен сүртіңіз.

7.Желдету саңылауларын бітемеңіз. Өндіруші нұсқауларына сай орнатыңыз.

8.Жылу батареялары, жылытқыштар, пештер немесе басқа жылу шығаратын кез келген аппараттардың (соның ішінде, AV ресиверлер) жанына орнатпаңыз.

9.Полярланған немесе жерге қосылатын штепсельдік ұштың қауіпсіздік қорғауын бұзбаңыз. Полярлы штепсельдік ұштың бірі екіншісінен кеңірек болатын екі істікшесі болады. Жерге тұйықталатын штепсельдік ұштың екі жай және бір жерге тұйықталған істікшесі болады. Кең жақтау немесе үшінші өскін сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді. Егер қамтамасыз етілген штепсельдік ұш розеткаға келмесе, ескі розетканы ауыстыру мақсатында электр маманына хабарласыңыз.

10.Қуат сымын үстінен жүруден қорғаңыз, сондай- ақ оның әсіресе штепсельдік ұшқа жалғасатын, розеткаға жақын болатын және жабдықтан шығатын бөлігін қысылып қалудан сақтаңыз.

11.Тек өндіруші ұсынған қосымшаларды/ қосалқы бөліктерді пайдаланыңыз.

12.Өндіруші көрсеткен немесе

құралмен бірге сатылған арба (дөңгелекті үстел), тұрақ, штатив, кронштейн немесе

үстелді ғана пайдаланыңыз. Арбаны пайдаланған жағдайда, төңкерілудің нәтижесінде туындайтын жарақаттардың алдын алу үшін арба/аппаратты қозғаған кезде қауіпсіздік шараларын қадағалаңыз.

13.Найзағай мен дауылдарда немесе көп уақыт пайдаланбағанда, өнімді ток көзінен ажыратыңыз.

14.Жөндеу қажет болса, тек қана білікті маманға апарыңыз. Ток өткізуші сым немесе аша зақымдануы, сұйықтықтың төгілуі немесе өнімнің үстіне заттардың құлауы, өнімнің жаңбырдың астында немесе ылғалды жерде қалуы, дұрыс жұмыс істемеуі немесе құлауы сияқты кез келген себеппен зақым келгенде өнімді тексерту қажет.

4 Қазақша

Page 148
Image 148
Samsung BD-D6500/RU manual Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары, Сақтық шаралар, Ескерту, Тек құрғақ шүберекпен сүртіңіз