Байланыстар

Дыбыс жүйесіне жалғау

AV ресиверді қосқан кезде дыбыс деңгейін азайтып қойыңыз. Кенет шыққан қатты дыбыс динамиктер мен құлаққа зақым келтіруі мүмкін.

Дыбыс сигналдарының шығыс пішімін AV ресивердің мүмкіндіктеріне сай орнатыңыз. (34-36 беттерді қараңыз)

HDMI кіріс ұяларының орналасуы AV ресиверге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. AV ресивердің пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

1-жағдай: дыбыс жүйесіне (HDMI қолдайтын AV ресивер) жалғау - ең жақсы сапа (ұсынылады)

1.HDMI кабелін пайдаланып ойнатқыштың артындағы HDMI OUT ұясын AV ресивер HDMI IN ұясына жалғаңыз.

2.HDMI кабелін пайдаланып AV ресивердің HDMI OUT ұясын теледидардың HDMI IN ұясына жалғаңыз.

3.Ойнатқышты, теледидарды және AV ресиверді қосыңыз.

4.Ойнатқыштан дыбыс шығару және сыртқы кіріс сигналын таңдау үшін, AV ресивер мен теледидардың кіріс сигналын таңдау түймесін басыңыз. AV қабылдағышындағы дыбыстың кіріс сигналын реттеу үшін, AV қабылдағышының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

HDMI кабелі

(жинаққа кірмейді)

HDMI кабелі

(жинаққа кірмейді)

24 Қазақша

Page 168
Image 168
Samsung BD-D6500/RU manual Дыбыс жүйесіне жалғау, Hdmi кабелі Жинаққа кірмейді, 24 Қазақша