Негізгі функциялар

`` Blu-ray дискісінде BONUSVIEW бөлімі болса, негізгі мүмкіндік/BONUSVIEW режимі туралы ақпарат та көрсетілетін болады.

◄► түймесін басып негізгі мүмкіндік пен BONUSVIEW дыбыс режимдерін ауыстырып қосыңыз.

`` Аудио тілі функциясы арқылы пайдалануға болатын тілдер дискіде кодталған тілдерге тәуелді болады. Бұл функцияны немесе белгілі тілдерді пайдалану мүмкін болмауы ықтимал.

`` Blu-ray дискілерінде 32 дыбыс тілі, DVD дискілерінде 8 дыбыс тілі болуы мүмкін.

`` Кейбір Blu-ray дискілері PCM немесе ағылшын тіліндегі Dolby сандық дыбыс жолын таңдауға мүмкіндік береді.

`` Қашықтан басқару құралында AUDIO түймесі басылса, дыбыс жолағы пайда болады.

Дыбыс жолағын алып тастау үшін, RETURN түймесін басыңыз.

Субтитр тілін таңдау

hZx

Бұл функцияны қашықтан басқару құралындағы SUBTITLE түймесін басу арқылы да басқаруға болады.

1.Ойнату кезінде TOOLS түймесін басыңыз.

2.Субтитры тармағын таңдау үшін, ▲▼ түймелерін басыңыз.

3.Қажетті субтитр тілін таңдау үшін, ◄► түймелерін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

`` Blu-ray/ DVD дискісінің түріне қарай, керекті субтитр тілін Меню диска ішінде өзгертуге болады.

DISC MENU түймесін басыңыз.

`` Бұл функция дискке кодталған субтитр тілдеріне тәуелді болып, Blu-ray /DVD дискілерінің барлығында болмауы мүмкін.

`` Blu-ray дискілерінде 255 субтитр тілі, DVD дискілерінде 32 субтитр тілі болуы мүмкін.

`` Негізгі мүмкіндік / BONUSVIEW режимі туралы ақпарат Blu-ray дискінің BONUSVIEW бөлімі болған жағдайда да көрсетіледі.

`` Бұл функция бастапқы және соңғы субтитрді бірге өзгертеді.

`` Негізгі және қосалқы субтитрлердің жалпы саны тиісінше көрсетіледі.

`` Қашықтан басқару құралында SUBTITLE түймесі басылса, субтитр жолағы пайда болады.

Субтитр жолағын алып тастау үшін, RETURN түймесін басыңыз.

Камераға ракурсын өзгерту

hZ

Blu-ray/DVD дискісінде белгілі бір көріністің бірнеше ракурсы болса, Ракурс функциясын қолдануға болады.

1.Ойнату кезінде TOOLS түймесін басыңыз.

2.Ракурс тармағын таңдау үшін, ▲▼ түймелерін басыңыз.

3.Керекті ракурсты таңдау үшін, ◄► түймелерін басыңыз.

BONUSVIEW қызметін реттеу

h

BONUSVIEW мүмкіндігі фильм ойнатылып жатқанда қосымша мазмұнды (мысалы, пікірлер) кішкентай экрандық терезеде көруге мүмкіндік береді.

Бұл функцияны дискіде Bonusview мүмкіндігі болса ғана пайдалануға болады.

1.Ойнату кезінде TOOLS түймесін басыңыз.

2.видео BONUSVIEW немесе аудио BONUSVIEW тармағын таңдау үшін, ▲▼ түймелерін басыңыз.

3.Керекті Bonusview мүмкіндігін таңдау үшін, ◄► түймелерін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

`` видео BONUSVIEW параметрі ауыстырылса, аудио BONUSVIEW параметрі автоматты түрде видео BONUSVIEW параметріне сәйкес өзгереді.

50 Қазақша

Page 194
Image 194
Samsung BD-D6500/RU manual Субтитр тілін таңдау, Камераға ракурсын өзгерту, Bonusview қызметін реттеу