Желілік қызметтер

Зарегистр. уч. зап. служ.

Егер Қызметтің есептік жазбасын тіркеу функциясы тізген провайдерлердің кез келгенінде есептік жазбаңыз болса, сол провайдердің есептік жазбасын және провайдердің есептік жазбасының кілтсөзін Smart TV есептік жазбасымен байланыстыруға болады. Есептік жазбаны байланыстырсаңыз, Smart Hub арқылы есептік жазбаңызға оңай әрі есептік жазба атауын немесе кілтсөзің енгізбестен кіру мүмкіндігіңіз болады. Қызметтің есептік жазбасын тіркеу функциясын пайдалану үшін, мына қадамдарды орындаңыз:

1.Есептік жазбаны басқару мәзірінде Қызметтің есептік жазбасын тіркеу тармағын таңдаңыз да, ЕНГІЗУ түймесін басыңыз. Қызметтің есептік жазбасын тіркеу терезесі пайда болады.

2.Smart TV есептік жазбасымен байланыстырылатын қызмет провайдерін ▲▼ көрсеткі түймелерін басып таңдаңыз да, ЕНГІЗУ түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

`` Samsung қолданбалары қызметінің есептік жазбасы болып, Smart Hub қызметінде Samsung қолданбалары функциясын пайдалану керек болса, осы жерде Samsung қолданбаларының есептік жазбасын тіркеу керек. Қосымша ақпарат алу үшін, 61-63 беттерді қараңыз.

3.▲▼ басып Тіркеу тармағын таңдаңыз да, қашықтан басқару құралын және экрандық пернелер панелін пайдаланып сайттың идентификаторы мен кілтсөзін енгізіңіз. Аяқтағанда, ЕНГІЗУ түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

`` Бұл - әдетте осы тораптағы есептік жазбаға кіру үшін пайдаланылатын идентификатор мен кілтсөз.

4.Егер идентификатор мен кілтсөз дұрыс енгізілсе, Тіркелді хабары көрсетіледі.

5.OK түймесі басылса, 2-4 қадамдарды қайталап басқа қызмет провайдерін байланыстырыңыз.

6.Аяқтағанда, RETURN түймесін басыңыз.

Изменить пароль

Кілтсөзді өзгерту функциясы Smart Hub кілтсөзін өзгертуге мүмкіндік береді. Кілтсөзді өзгерту үшін, мына қадамдарды орындаңыз:

1.Изменить пароль пәрменін таңдаңыз да, ЕНГІЗУ түймесін басыңыз.

2.Ағымдағы кілтсөзді енгізіңіз. Келесі экран пайда болады.

3.Келесі экранда, бірінші жолдағы жаңа кілтсөзді енгізіңіз. Растау үшін, оны екінші жолға қайта енгізіңіз.

4.Кілтсөз өзгертілді хабары көрсетіледі. ЕНГІЗУ түймесін басыңыз немесе экранның жабылуын күтіңіз (шамамен 5 секунд).

Удалить из сп. уч. записей ТВ

Қызметтің есептік жазбаларын жою функциясы Қызметтің есептік жазбасын тіркеу экранында ағымдағы барлық тіркелген қызметтік есептік жазбаларын жояды.

Откл. учетную запись

Есептік жазбаны ажырату функциясы Smart TV есептік жазбасын ажыратады және оны және есептік жазбаңыздың барлық параметрлерін Smart Hub қызметінен жояды.

Сброс

«Сброс» функциясы жүктеп алынған виджеттердің барлығын қосады, ойнатқыштан барлық пайдаланушы есептік жазбаларын және параметрлерін өшіреді және Smart Hub параметрлерінің барлығын зауыттық әдепкі параметрлерге қайтарады. Осыдан кейін, ол Smart Hub қызметін алғаш қосып жатқан тәрізді қайта іске қосады. Алайда, есептік жазбаңыз Smart Hub серверінде қалады. Есептік жазбаға кіру үшін, Есептік жазба жасау экранында идентификаторыңызды және кілтсөзіңізді енгізіңіз. Қалпына келтіру функциясын пайдалану үшін, мына қадамдарды орындаңыз:

1.«Настройки» мәзірінде «Сброс» тармағын таңдап, ЕНГІЗУ түймесін басыңыз. «Сброс» экраны көрсетіледі.

2.Қауіпсіздік кілтсөзін енгізіңіз. Бұл - BD немесе DVD дискісінің ата-аналық бақылау рейтингі орнатылған жағдайдағы енгізілген кілтсөз (42-бетті қараңыз). Рейтинг орнатылмаған болса, 0000 сандарын енгізіңіз.

58 Қазақша

Page 202
Image 202
Samsung BD-D6500/RU manual Аяқтағанда, Return түймесін басыңыз, 58 Қазақша