Blu-ray/DVD дискілерінің көбі көшіруден қорғалған. Осыған байланысты ойнатқышты бейнетаспа ойнатқышы арқылы емес, тікелей теледидарға қосу қажет. Бейнетаспа ойнатқышына жалғау көшіруден қорғалған Blu-ray/DVD дискілерінің дірілдеген бейне көрсетуіне әкеледі.

Бұл өнім АҚШ патенттерімен және Rovi корпорациясының басқа да зияткерлік меншік құқықтарымен қорғалған көшіруден қорғау технологиясымен жабдықталған. Кері жобалауға және бөлшектеуге тыйым салынады.

АҚШ және басқа елдердің авторлық құқығы туралы заңына сәйкес заңсыз жүргізілген жазу, қолдану, көрсету, тарату немесе теледидар бағдарламаларын, бейнетаспаларды, Blu-ray және DVD дискілерін көру азаматтық немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуға әкелуі мүмкін.

Blu-ray диск ойнатқыштарының прогрессивті сканерлеу шығысы: ТҰТЫНУШЫЛАР АЙҚЫНДЫҒЫ ЖОҒАРЫ ТЕЛЕДИДАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ОСЫ өніммен ТОЛЫҚ ҮЙЛЕСЕ БЕРМЕЙТІНІН ЖӘНЕ ОСЫҒАН ОРАЙ БЕЙНЕНІҢ ЖАСАНДЫ БҰРМАЛАНУЫ МҮМКІН ЕКЕНІН ЕСКЕРГЕНІ ЖӨН. ПРОГРЕССИВТІ СКАНЕРЛЕУ БАРЫСЫНДА БЕЙНЕДЕ АҚАУЛЫҚТАР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА, ПАЙДАЛАНУШЫҒА БАЙЛАНЫСТЫ «СТАНДАРТТЫ АЙҚЫНДЫҚ» ШЫҒЫСЫНА АУЫСТЫРУ ҰСЫНЫЛАДЫ. ТЕЛЕДИДАРЫМЫЗДЫҢ ОСЫ өніммен ҮЙЛЕСІМДІЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА, БІЗДІҢ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ орталығымызға ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.

Желі қызметінің жауапкершілігінен бас тарту

Осы құрылғы арқылы пайдалануға болатын барлық мазмұндар мен қызметтер үшінші тараптардың иелігінде және авторлық құқықпен, патенттермен, сауда белгілерімен және/немесе зияткерлік меншік заңдарымен қорғалған. Осындай мазмұн мен қызметтер тек сіздің жеке, коммерциялық емес қолданысыңызға арналған. Мазмұн мен қызметтерді мазмұн иесі немесе қызмет провайдері рұқсат етпеген жолмен пайдалануыңыз мүмкін болмауы ықтимал. Жоғарыда аталмыш жағдайларды шектеместен, тиісті мазмұн иесі немесе қызмет провайдері тікелей рұқсат еткен кездерден тыс, осы құрылғы арқылы қамтамасыз етілетін мазмұнды немесе қызметтерді өзгерту, көшіру, қайта басып шығару, жүктеу, жариялау, тасымалдау, аудару, сату, туынды жұмыстар жасау, пайдалану немесе кез келген жолмен я кез келген тасушы арқылы тарату құқығыңыз жоқ.

ҮШІНШІ ТАРАП МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ «СОЛ ҚАЛПЫНДА» ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ. СОЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН МАЗМҰНҒА НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ЕШБІР МАҚСАТТА SAMSUNG ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. SAMSUNG КЕЗ КЕЛГЕН ҰЙҒАРЫНДЫ КЕПІЛДІКТЕРДІҢ, СОНЫҢ ІШІНДЕ БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕМЕСТЕН, САТУҒА НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕН ТІКЕЛЕЙ ТҮРДЕ БАС ТАРТАДЫ. SAMSUNG КОМПАНИЯСЫ ҚҰРЫЛҒЫ АРҚЫЛЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ЕШБІР МАЗМҰННЫҢ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІҢ ДӘЛДІГІНЕ, ЖАРАМДЫЛЫҒЫНА, УАҚЫТТЫЛЫЛЫҒЫНА, ЗАҢДЫЛЫҒЫНА НЕМЕСЕ ТОЛЫҚТЫҒЫНА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ, СОНДАЙ-АҚ SAMSUNG КОМПАНИЯСЫ ЕШБІР ЖАҒДАЙДА, СОНЫҢ ІШІНДЕ НЕМҚҰРАЙДЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, КЕЗДЕЙСОҚ, АРНАЙЫ НЕМЕСЕ ТАБИҒИ ЗАҚЫМҒА, ЗАҢГЕР АҚЫСЫНА, ШЫҒЫНДАРҒА НЕМЕСЕ ҚҰРАМЫНДАҒЫ АҚПАРАТТАН Я СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ, СОНДАЙ-АҚ, ОСЫНДАЙ ЗАЛАЛДАРДЫҢ ТУУ ЫҚТИМАЛДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТІЛГЕН БОЛСА ДА, СІЗДІҢ НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ҮШІНШІ ТАРАПТЫҢ МАЗМҰНДЫ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУЫ НӘТИЖЕСІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ЗАЛАЛДАРҒА ЖАУАПТЫ (КЕЛІСІМ НЕМЕСЕ ДЕЛИКТ БОЙЫНША) БОЛМАЙДЫ.

Үшінші тарап қызметтерін кез келген уақытта жоюға немесе тоқтатуға болады, сондай-ақ Samsung компаниясы ешбір мазмұнның немесе қызметтің кез келген уақыт аралығында пайдалану мүмкіндігі туралы мәлімдеме жасамайды немесе кепілдік бермейді. Үшінші тараптар мазмұн мен қызметтерді Samsung басқара алмайтын желілер және тасымалдау құралдары арқылы тасымалдайды. Осы жауапкершіліктен бас тарту мәлімдемесінің жалпы мазмұнын шектеместен, Samsung компаниясы құрылғы арқылы қамтамасыз етілген кез келген мазмұнның немесе қызметтің кідіртілуіне немесе тоқтатылуына қатысты жауапкершіліктен бас тартады.

Samsung компаниясы мазмұнға және қызметтерге қатысты тұтынушы қызметіне жауапты да, кінәлі де болмайды. Мазмұнға немесе қызметтерге қатысты кез келген мәселе немесе сұрау мазмұнның және қызметтің тиісті провайдерлеріне тікелей жіберілуі тиіс.

08 Қосымша

Қазақша 69

Page 213
Image 213
Samsung BD-D6500/RU manual Желі қызметінің жауапкершілігінен бас тарту