Құлақаспапты пайдалану

Оңтайлы пайдалану жағдайлары

Құлақаспаптың үздік өнімділігін қамтамасыз ету үшін:

Құрылғылар арасын жаппаңыз немесе бөгеу жасамаңыз. Адамның денесі Bluetooth сигналына кедергі жасауы мүмкін.

Қосылған құрылғының таратқыш/қабылдағыш бөлігіне тиіспеңіз.

Құлақаспапты басқа құрылғылармен жұптастырған кезде, құрылғыларды бір-біріне жақын орналастырыңыз. Пайдаланушы ортасына байланысты, шу мәселесі немесе ақаулық туындауы мүмкін.

Bluetooth мүмкіндігі өнеркәсіптік, ғылыми, медицианы құрылғылары, электронды құрылғылар немесе сымсыз жергілікті желілері сияқты төмен қуатты құрылғылар пайдаланатын жиілікті пайдаланады. Құлақаспапты бұл құрылғылардан алыс ұстаңыз, себебі олар бір-біріне кедергі келтіруі мүмкін.

Ауқымды жақсарту үшін құлақаспапты бөгеттерге кедергі жасамайтын орындарда пайдаланыңыз. Сигналды нашарлататын қабырғалар, бұрыштар немесе жаһаздар сияқты бөгеттер.

Құлақаспап арқылы қоңырау шалған кезде, қосылған мобильді құрылғымен арадағы қашықтық артатындықтан, дыбыс сапасы төмендеп кетуі мүмкін. Екі құрылғы бір- бірінен тым алыс қашықтықта орналасқан жағдайда, байланыс жоғалады және қоңырау мобильді құрылғыға аударылады.

Шулы ортада, мысалы, сырт жерде немесе айналадағы шу қатты болған жерде қоңырау шалу кезінде сөйлесу үзіліп қалуы мүмкін.

Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG тарапынан тексерілмеген немесе мақұлданбаған құрылғылар құлақаспаппен үйлесімді болмауы мүмкін.

Қазақ тілі

8

Page 469
Image 469
Samsung EO-MG920BBEGRU manual Оңтайлы пайдалану жағдайлары