Bluetooth динамигін пайдалану
Қосымша опцияларды баптау
Сіз Bluetooth динамигінің және Lux manager қолданбасының параметрлерін баптай аласыз.
1 Мобильді құрылғының қолданбалар экранында Lux manager тармағын түртіңіз.
iOS мобильді құрылғысы қолданылған кезде, бастапқы экранда Lux manager тармағын таңдаңыз.
2 → Параметрлер тармағын түртіңіз.
Қосылымды реттеуші
Қосылу немесе ағымдағы сәтте қосылған Bluetooth динамигінің ақпаратын қарау үшін Bluetooth динамигін іздеу.
Пайдаланушының қимылы
Bluetooth динамигі шамының жарықтығын немесе түсін өзгерту үшін қозғалысты тану мүмкіндігін белсендіріңіз.
Ақпарат
Сіз қолданбаның нұсқасы және ашық бастапқы кодының лицензиясы туралы ақпаратты қарай аласыз. Сіз пайдаланушы нұсқаулығын да қарай аласыз.
Қазақ тілі
17
17