Мультимедианы Ойнату

Үй кинотеатры Blu-ray/DVD/CD дискілерінде, USB құрылғыларында, компьютерлерде, смартфондарда, планшеттерде және вебте орналасқан мазмұнды ойната алады.

Компьютерде немесе мобильді құрылғыда орналасқан мазмұнды ойнату үшін компьютерді немесе мобильді құрылғыны және өнімді желіге қосу керек. Компьютердегі мазмұнды ойнату үшін AllShare желілік бағдарламалық құралын да жүктеу және орнату керек немесе компьютерде бұрыннан DLNA желілік бағдарламалық құралы болуы керек.

ЕСКЕРТПЕ

Windows 7 және Windows 8 жүйесімен жұмыс істейтін компьютерлерде DLNA бағдарламалық құралы (Play To) бекітілген.

Бүкіл мазмұн экраны

Бүкіл мультимедиа үшін Бүкіл мазмұн экраны немесе оның ішкі экрандарының біреуі әр түрлі құрылғыларда (олар тікелей немесе желіні пайдаланып қосылған болсын) сақталған мазмұнға кірудің және ойнатудың негізгі жолы болып табылады.

Бүкіл мазмұн экранын пайдалану

Бүкіл мазмұн экранын ашу үшін басты экранда Фотосуреттер, бейнелер және музыка тармағын таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

Коммерциялық дискілерді

ойнату

1.Диск тартпасын ашу үшін ^ түймесін басыңыз.

2.Дискінің жапсырма бар бетін жоғары қаратып диск тартпасына жайлап салыңыз.

3.Диск тартпасын жабу үшін ^ түймесін басыңыз. Ойнату автоматты түрде басталады.

4.Егер ойнату автоматты түрде басталмаса, қашықтан басқару құралында 6 түймесін басыңыз немесе жоғарыдағы «Бүкіл мазмұн экраны» бөлімін қараңыз.

USB құрылғысындағы

файлдарды ойнату

USB құрылғысында орналасқан мультимедиалық файлдарды өнім арқылы ойнатудың екі әдісі бар.

1-әдіс

1.Өнімді қосыңыз.

2.USB құрылғысын өнімнің алдыңғы панеліндегі USB портына жалғаңыз. Жаңа құрылғы қосылды қалқымалы терезесі пайда болады.

Фильмдер

Қолданбалар

Фот-

тер, бейнелер

мен шоулар

Жаңа құрылғы жалғанды.

және

музыка

 

 

 

 

 

USB флэш дискі

 

 

 

 

Фотосурет-р

 

 

 

 

Бейнелер

 

 

 

 

Музыка

 

 

 

 

Барлық мазмұн

 

 

 

 

 

 

 

Қолданба қосу Қолданба қосу Қолданба қосу Веб-браузер

Параметрлер

 

 

 

 

 

ЕСКЕРТПЕ Егер бұл қалқымалы терезе пайда болмаса, «2-әдіс» бөліміне өтіңіз.

3.▲▼ түймелерін пайдаланып Фотосурет-р, Бейнелер, Музыка немесе Барлық мазмұн тармағын таңдаңыз да, E түймесін басыңыз. Мазмұн қалай реттелгеніне байланысты, қалталарды, жекелеген файлдарды немесе екеуін де көресіз.

ЕСКЕРТПЕ Өнім бүкіл мазмұн түрлері үшін қалталарды

көрсеткенімен, ол тек 3-қадамда таңдалған мазмұн түріне жататын файлдарды көрсетеді. Мысалы, музыканы таңдасаңыз, тек музыка файлдарын көре аласыз. Таңдауды Фот-тер, бейнелер және музыка экранына оралып, төмендегі «2-әдіс» бөлімінің 4-қадамына өту арқылы өзгертуге болады.

4.Қажет болса, ▲▼◄► түймелерін пайдаланып қалтаны таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

5.Көру немесе ойнату керек файлды таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

6.Қалтадан шығу үшін RETURN түймесін басыңыз немесе басты экранға оралу үшін Шығу түймесін басыңыз.

7.USB құрылғысындағы бейнелерді, музыканы және суреттерді ойнату жолын түсіндіретін нұсқауларды алу үшін 33-41 беттерге өтіңіз.

2-әдіс

1.Өнімді қосыңыз.

2.USB құрылғысын өнімнің алдыңғы панеліндегі USB портына жалғаңыз.

3.Басты экранда Фот-тер, бейнелер және музыка тармағын таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

05 Мультимедианы Ойнату

Қазақша 31

Page 93
Image 93
Samsung HT-F9750W/RU manual Мультимедианы Ойнату, Бүкіл мазмұн экранын пайдалану, Коммерциялық дискілерді Ойнату