Мультимедианы Ойнату

Қолмен реттеу : Қолмен параметрін таңдау үшін, 5 түймесін, одан кейін төменгі немесе жоғарғы жиілікте реттеу үшін TUNING/CH (,.) түймесін басыңыз.

Автоматты түрде реттеу : Қолмен параметрін таңдау үшін, 5 түймесін басыңыз, одан кейін жиілікті автоматты түрде іздеу үшін, TUNING/CH (,.) түймесін басыңыз.

Моно/стерео параметрін орнату

MO/ST түймесін басыңыз.

Түйме басылған сайын, дыбыс STEREO және MONO арасында ауысады.

Нашар қабылдау аймағында анық, кедергісіз тарату үшін MONO параметрін таңдаңыз.

Станцияларды алдын ала орнату

Мысалы: FM 89.10 станциясын жадқа алдын ала орнату.

1.FM тармағын таңдау үшін, FUNCTION түймесін басыңыз.

2.<89.10> тармағын таңдау үшін, TUNING/CH (,.) түймесін басыңыз.

3.TUNER MEMORY түймесін басыңыз.

НӨМІР дисплейде жыпылықтайды.

4.TUNER MEMORY түймесін қайтадан басыңыз.

НӨМІР параметрі дисплейден өз бетінше жоғалмастан бұрын, TUNER MEMORY түймесін басыңыз.

TUNER MEMORY түймесі басылғаннан кейін, НӨМІР сөзі дисплейден жоғалады және станция жадта сақталады.

5.Басқа станцияны алдын ала орнату үшін, 2-4-ші қадамдарды орындаңыз.

Алдын ала орнатылған станцияға реттеу үшін MANUAL/PRESET түймесін басып Алдын ала орн. параметрін таңдаңыз да, TUNING/CH (,.) түймесін басып алдын ала орнатылған станцияны таңдаңыз.

Арнайы әсерлер қашықтан

басқару түймелерін пайдалану

SOUND EFFECT функциясы

SOUND

EFFECT

Дыбысты оңтайландыратын режимді таңдауға мүмкіндік береді.

1.SOUND EFFECT түймесін басыңыз.

2.Қажетті режимді таңдау үшін, ▲▼ түймесін басыңыз: DSP, Dolby Pro Logic II немесе SFE режимі.

3.Қажетті дыбыс әсерін таңдау үшін, ◄► түймелерін басыңыз.

DSP

MP3 Enhancer Power Bass Football Өшіру

MP3 Enhancer : Дыбыс тәжірибесін (мысалы, mp3 музыканы) күшейтуге көмектеседі. MP3 деңгейіндегі дыбысты (24 кГц, 8 бит) ықшам диск деңгейіндегі дыбысқа (44,1 кГц, 16 бит) көтеруге болады.

Power Bass : Басс үндерінің дыбыс деңгейін көбейтіп, үнсіз дыбыс әсерін береді.

Football : динамикалық, шынайы, стадиондағы сияқты дыбысты жасайды. Футбол және басқа спорт оқиғаларын тыңдауға арналған.

Өшіру : Қалыпты тыңдау үшін осыны таңдаңыз.

Dolby Pro Logic II

Фильм Музыка Ойын Matrix Pro Logic

Өшіру

Фильм : Фильмнің дыбыс жолына шынайылық береді.

Музыка : Музыка тыңдағанда, нақты сол жерде тыңдап отырғандай әсер береді.

Ойын : Ойын дыбысының еліктіргіштігін арттырады.

Matrix : Бірнеше арналы көлемдік дыбыс шығарылуы үшін таңдаңыз.

Pro Logic : Динамиктердің барлығы қосулы болғанда, 2 арналы дыбыс көзін 5.1 арналы көлемдік дыбыспен тыңдау үшін таңдаңыз.

-Кіріс сигналына қарай кейбір динамиктен (динамиктерден) дыбыс шықпауы мүмкін.

Өшіру : Қалыпты тыңдау үшін осыны таңдаңыз.

42 Қазақша

Page 104
Image 104
Samsung HT-F9750W/RU manual Моно/стерео параметрін орнату, Станцияларды алдын ала орнату, 42 Қазақша