Бағ-ды жаңарту

Бағдарламаны соңғы нұсқасына дейін жаңарту қажет болған кезде, Қолданбалар, содан кейін Қос- ша бағ-лар функциясын таңдаңыз. Қос-ша бағ- лар бейнебетінен Бағ-ды жаңарту параметрін таңдап, содан кейін тізімнен бағдарламаны таңдаңыз. Бағдарлама соңғы нұсқаға дейін жаңара бастайды. Дегенмен, бейнебетте Бағ-ды жаңарту бағдарламаны жаңарту қажет болған кезде ғана көрсетіледі.

Screen Mirroring

Экран айнасы функциясы смартфонның немесе смарт құрылғының экранын үй кинотеатры жүйесіне қосқан теледидарда көруге мүмкіндік береді.

1.Blu-ray басты экраны көрсетулі кезде қашықтан басқару құралында КӨК (D) түймені басыңыз. Экран айнасы экраны пайда болады.

2.Құрылғыда AllShare Cast бағдарламасын іске қосыңыз.

3.Құрылғыда қол жетімді құрылғылардың тізімінде үй кинотеатры жүйесінің атауын табыңыз да, таңдаңыз.

4.ТД қосылу туралы хабарды (мысалы,

Android_92gb... құрылғысына қосылу орындалуда) көрсетеді, одан кейін қосылғаны туралы хабарды көрсетеді.

5.Бірнеше секундтан кейін құрылғының экраны теледидарда пайда болады.

ЕСКЕРТПЕ

Экран айнасы функциясын қолданған кезде, ортаңызға байланысты бейне тоқтауы немесе дыбыс жоғалуы мүмкін.

AllShare Cast қызметін қолдайтын құрылғыға қосылуға болады. Өндірушіге қарай, мұндай құрылғыға қосылуға толық қолдау көрсетілмеуі мүмкін екенін ескеріңіз. Мобильді байланысқа қолдау туралы қосымша ақпаратты өндірушінің веб- торабынан қараңыз.

Bluetooth арқылы жіберу экран айнасы сигналына кедергі келтіруі мүмкін. Экран айнасы функциясын пайдалану алдында смартфондағы немесе смарт құрылғыдағы Bluetooth функциясын өшіру ұсынылады.

Веб-браузер пайдалану

Интернетке веб-браузер бағдарламасын пайдаланып қатынасуға болады.

Басты экранда Веб-браузер бағдарламасын таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Веб-шолғышты HDMI арқылы BD Wise үйлесімді теледидарға қосылған өнімде іске қосқанда – және BD Wise функциясы қосулы болғанда – шолғыш экранды толтыратындай жазылады және теледидар ажыратымдылығы оңтайлы ажыратымдылыққа автоматты түрде орнатылады.

Веб-браузер Java қолданбаларымен үйлесімді емес. Файлды жүктеуге тырыссаңыз және файлды сақтау мүмкін емес болса, қате туралы хабар пайда болады. Электрондық саудаға (өнімдерді желіде сатып алу) қолдау көрсетілмейді.

ActiveX басқару элементтеріне қолдау көрсетілмейді. Белгілі бір ұйымдар басқаратын кейбір веб-сайттарға немесе веб-браузерлерге қатынас бұғатталуы мүмкін.

Сілтемелерді шолу және Меңзермен шолу

Веб-браузер шолудың екі түрін ұсынады, Меңзермен шолу және Сілтемелерді шолу. Браузерді бірінші рет іске қосқанда, Меңзермен шолу белсенді болады. Егер веб- браузерде шарлау үшін тінтуірді пайдаланып жатсаңыз, Меңзермен шолу параметрін белсенді күйде қалдыру ұсынылады. Егер веб-браузерде шарлау үшін қашықтан басқару құралын пайдаланып жатсаңыз, Меңзермен шолу параметрін Сілтемелерді шолу параметріне ауыстыру ұсынылады. Сілтемелерді шолу веб-браузерде бөлектеуді бір сілтемеден екіншісіне жылжытады және қашықтан басқару құралын пайдаланып жатсаңыз, Меңзермен шолу параметрінен әлдеқайда тезірек болады.

Сілтемелерді шолу параметрін белсендіру үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1.Қашықтан басқару құралындағы ▲▼◄► түймелерін пайдаланып меңзерді экранның жоғарғы оң жағындағы Сілтемелер шолғышы белгішесіне жылжытыңыз. Сілтемелер шолғышы белгішесі оң жақтан үшінші белгіше болады. Белгіше көкке айналып, экранда «Сілтемелерді шолу» сөздері пайда болса, меңзер дұрыс күйде болады.

2.E түймесін басыңыз. Сілтемелерді шолу параметрі белсендіріледі және веб-браузерді ашқан сайын белсенді болады.

06 Желі Қызметтері

Қазақша 49

Page 111
Image 111
Samsung HT-F9750W/RU manual Бағ-ды жаңарту, Веб-браузер пайдалану