Қосымша

DivX® талап бойынша

DivX(R) VOD туралы қосымша ақпарат алу үшін, «http://vod.divx.com» торабына кіріңіз.

Алдыңғы дисплей

түймесі мен VOL +, - түймесінің жарықтығын өзгерту мүмкін емес.

Динамик параметрлері

Динамик таңдау Тлд динамигі параметріне орнатылғанда, дыбыс ТД динамиктері арқылы шығарылады.

Дыбысты авто мөлшерлеу функциясын іске қосу 3 минуттай уақыт алады.

Дыбысты авто мөлшерлеу функциясын іске қосқанда өнімде диск жоқ екенін тексеріңіз.

Дыбысты авто мөлшерлеу орнату барысында ASC микрофоны ажыратылса, орнатудан бас тартылады.

Дыбысты авто мөлшерлеу функциясын іске қосқанда DSP, Dolby Pro Logic ll және SFE режимі жұмыс істемейді.

Өнім сыртқы құрылғыларға немесе басқа компоненттерге (AUX, D. IN сияқты) жалғанса, Дыбысты авто мөлшерлеу орнату дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

HDMI audio

HDMI дыбысы ТД динамиктеріне шығарылғанда, ол автоматты түрде 2 арнаға дейін төмендетіледі.

Дыбыстық кері арна

Anynet+ (HDMI-CEC) параметрі Өшіру мәніне орнатылғанда, Дыбысты қайтару арнасы функциясы қол жетімді болмайды.

ARC (Дыбысты қайтару арнасы) үшін куәландырылмаған HDMI кабелін пайдалану үйлесімділік проблемасын тудыруы мүмкін.

ARC функциясы тек ARC-үйлесімді теледидар қосылғанда қол жетімді болады.

Ойнату

Бейне файлдарын ойнату

Бит ағыны жоғары (20 Мбит/с немесе одан көп) бейне файлдар өнімнің мүмкіндіктерін шектеп, ойнатылым үстінде ойнатуды тоқтатып тастауы мүмкін.

Дыбыс тілін таңдау

BONUSVIEW бөлімінде ешқандай BONUSVIEW дыбыс параметрлері болмаса, экранда ◄► көрсеткіші пайда болмайды.

Аудио тілі функциясы арқылы пайдалануға болатын тілдер дискіде кодталған тілдерге тәуелді болады. Бұл функцияны немесе белгілі тілдерді пайдалану мүмкін болмауы ықтимал.

Кейбір Blu-ray дискілері PCM немесе ағылшын тіліндегі Dolby сандық дыбыс жолын таңдауға мүмкіндік береді.

Субтитр тілін таңдау

Blu-ray / DVD дискісіне байланысты субтитр тілін Диск мәзірі ішінен өзгертуге болады. DISC MENU түймесін басыңыз.

Бұл функция дискіде кодталған субтитрлерге байланысты Blu-ray /DVD дискілерінің барлығында болмауы мүмкін.

Негізгі мүмкіндік BONUSVIEW режимі туралы ақпарат Blu-ray дискінің BONUSVIEW бөлімі болған жағдайда да көрсетіледі.

Бұл функция бастапқы және қосымша субтитрлерді бір мезетте өзгертеді.

Бастапқы және қосымша субтитрлердің жалпы саны тиісінше көрсетіледі.

JPEG файлдарын ойнату

Субтитрді және PG сызбасын толық экран режимінде үлкейте алмайсыз.

Мультимедианы ойнату

Dolby Pro Logic II режимі

Dolby Pro Logic II режимін таңдамас бұрын сыртқы құрылғыны өнімдегі AUDIO INPUT (кіріс) ұяларына (L және R) жалғаңыз. Кіріс ұяларының біреуі (L немесе R) жалғанғанда, көлемді дыбыс шығарылмайды.

Суреттерді ойнату кезінде ҚҰРАЛДАР түймесін пайдалану

Егер жүйе BD Wise функциясын қолдайтын, BD Wise функциясы Қосу мәніне орнатылған теледидарға жалғанған болса, Сурет параметрлері мәзірі пайда болмайды.

Өңдік музыка функциясы музыка файлы мен фотосурет файлы бірдей сақтау құрылғысында орналаспаса жұмыс істемейді. Сондай-ақ, дыбыс сапасына MP3 музыка файлының бит жылдамдығы, фотосуреттің өлшемі және кодтау әдісі әсер етуі мүмкін.

54 Қазақша

Page 116
Image 116
Samsung HT-F9750W/RU manual 54 Қазақша