Параметрлер

Желілер және Интернет

Осы өнім желіге қосылғанда Smart Hub және BD- LIVE сияқты желіге негізделген бағдарламалар мен функцияларды қолдануға және өнімнің бағдарламалық құралын желілік қосылым арқылы жаңартуға болады. Интернет қызметтеріне кіру және оларды пайдалану туралы толық ақпаратты осы нұсқаулықтың 44-52-беттеріндегі «Желілік қызметтер» тарауынан қараңыз. Желілік қосылымды реттеуге арналған нұсқаулар төменде берілген.

Желілік қосылымды реттеу

Егер желі қосылымын бастапқы параметрлер процедурасы кезінде теңшемеген болсаңыз немесе желі қосылымын қалпына келтіру қажет болса, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.

Жұмысты бастамас бұрын, Интернет қызметін жеткізушіге хабарласып, IP мекенжайының тұрақты немесе динамикалық екенін анықтап алыңыз. Динамикалық болса және сізде сымды немесе сымсыз желі болса, төменде келтірілген Автоматты реттеу процедураларын пайдалануды ұсынамыз.

Егер сымды желіге қосылсаңыз, реттеу процедурасын бастамастан бұрын өнімді жергілікті желі кабелін пайдаланып маршрутизаторға қосыңыз.

Желі қосылымын теңшеуді бастау үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1.Басты экранда Параметрлер тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

2.Желі тармағын таңдап, E түймесін басыңыз.

3.Желі параметрлері тармағын таңдап, E

түймесін басыңыз.

4.Төмендегі сымды желілерге арналған нұсқауларға немесе 27-беттен басталатын сымсыз желілерге арналған нұсқауларға өтіңіз.

Сымды желі

Сымды – Автоматты

Жоғарыдағы 1-3 қадамдарын орындағаннан кейін:

1.Желі параметрлері экранында Желі түрі параметрін Сымды параметріне өзгертіңіз. Одан кейін, Қосу параметрін таңдап, E түймесін басыңыз. Өнім сымды қосылымды анықтап, желі қосылымын тексереді де, одан кейін желіге қосылады.

2.Аяқтағаннан кейін ОК тармағын бөлектеп, E түймесін басыңыз.

Сымды - Қолмен

Сізде статикалық IP мекенжайы болса немесе Автоматты процедура жұмыс істемесе, Желі параметрлері мәндерін қолмен орнату қажет болады. Жоғарыдағы 1-3 қадамдарын орындағаннан кейін:

1.Желі параметрлері экранында Желі түрі параметрін Сымды параметріне өзгертіңіз. Одан кейін, Қосу параметрін таңдап, E түймесін басыңыз.

Өнім желіні іздеп, одан кейін қосылым орнатылмады хабарын көрсетеді.

ЕСКЕРТПЕ

Үй кинотеатрын желіге сымсыз қосу мүмкін болса, Желіні өзгерту параметрін осы жерде таңдаңыз, Желі түрі параметрін Сымсыз параметріне өзгертіңіз, одан кейін 27-беттегі сымсыз желілер бойынша нұсқауларға өтіңіз.

Желі параметрлері

Сымды желі байланысы сәтсіз болды.

XX:XX:XX:XX:XX:XX

MAC мекенжайы

IP мекенжайы

0.

0.

0.

0

Ішкі желі қалқаны

0.

0.

0.

0

Көмей

0.

0.

0.

0

DNS сервер

0.

0.

0.

0

Желіге қосылмады. Мына әрекеттерді жасап көріңіз: «IP параметрлері» ішінде IP мекенжайы дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Толық ақпарат алу үшін, Интернет провайдеріне хаб-з.

Желіні өзгерту

IP прм-лері

Қайтал.

Жабу

2.◄► түймелерін пайдаланып IP прм-лері тармағын таңдаңыз, одан кейін E түймесін басыңыз. IP параметрлері экраны пайда болады.

3.IP парам-рі өрісін таңдап, оны Қолмен енгізу параметріне орнатыңыз.

4.Енгізілетін мәнді (IP мекенжайы, мысалы) таңдаңыз, одан кейін E пернесін басыңыз. Мәннің сандарын енгізу үшін қашықтан басқару құралындағы сандық пернетақтаны пайдаланыңыз. Сондай-ақ, сандарды ▲▼ түймелерін пайдаланып енгізуге болады. Мән ішінде жазба өрісінен жазба өрісіне жылжу үшін қашықтан басқару құралындағы ◄► түймелерін пайдаланыңыз. Бір мәнді аяқтағанда, E түймесін басыңыз.

5.Басқа мәнге өту үшін ▲ немесе ▼ түймесін басыңыз, одан кейін 4-қадамдағы нұсқауларды орындау арқылы сол мән үшін сандарды енгізіңіз.

6.Барлық мәндерді толтырғанша 4 және 5-қадамдарды қайталаңыз.

26 Қазақша

Page 88
Image 88
Samsung HT-F9750W/RU manual Желілер және Интернет, Желілік қосылымды реттеу, Сымды желі, Желі параметрлері, 26 Қазақша