Қауіпсіздік ақпараты

Осы қауіпсіздік ақпараты мобильді құрылғыларды қамтиды. Кейбір мазмұн құрылғыңыз үшін қол жетімді болмауы мүмкін. Өзіңізді не басқаларды жарақаттап немесе құрылғыны зақымдап алмау үшін құрылғыны пайдалану алдында құрылғы туралы қауіпсіздік ақпаратын оқыңыз.

Ескерту

Қауіпсіздік ескертулерін және ережелерді сақтамау ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін

Зақымдалған электр шнурларын не ашаларын пайдаланбаңыз немесе электр розеткаларына көп құрылғы қоспаңыз

Қорғалмаған қосылымдар ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.

Қуат сымын ылғал қолмен ұстамаңыз немесе зарядтағышты қуат сымын тартып ажыратпаңыз

Бұлай істеу қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін.

Электр шнурын майыстырмаңыз немесе зақымдамаңыз

Бұлай істеу ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.

Құрылғы зарядталып жатқанда оны пайдаланбаңыз немесе құрылғыны ылғал қолмен ұстамаңыз

Бұлай істеу ток соғуына әкелуі мүмкін.

Зарядтағышты немесе құрылғыны қысқа тұйықталуға ұшыратпаңыз

Бұлай істеу ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін я болмаса батарея дұрыс жұмыс істемеуі немесе жарылуы мүмкін.

Қазақ тілі