•Батарея зарядтағышты / зарядтау блогына жоғары температураның, сыздың не ылғалдың әсеріне ұшыратуға болмайды.
POWERbot
•Шыны, шеге, бұранда, тиын және т.с.с. қатты немесе өткір заттарды сорғызбаңыз.
•Сүзгісін орнына салмай қолданбаңыз. Құрылғыға қызмет көрсету барысында, егер ол кенет қосылып кетсе, саусағыңызды немесе басқа заттарды ешқашан желдеткіш камераға салмаңыз.
•Саңылауларға ешбір бөгде заттарды салмаңыз. Қандай да бір саңылауы бітеліп тұрған құрылғыны қолданбаңыз; саңылауларды шаң,
•Улы заттарды (хлорлы ағартқыш, аммиак, құрғақ тазалағыш т.с.с.) шаңсорғышпен тазаламаңыз.
•Жанып немесе тұтанып жатқан, мысалы шылым, от алдырғыш немесе ыстық күл тәрізді заттарды шаңсорғышпен тазаламаңыз.
•Бензин тәрізді жанғыш не тұтанғыш сұйықтарды сорғызуды әдетке айналдырмаңыз, немесе бұндай зат тұрған жерде шаңсорғышты қолданбаңыз.
•Майшам немесе үстел шамы қойылған еден үстінде.
•Қараусыз қалдырған от (от не оттың шоғы) бар жерде.
•Тазартылған спирт, сұйылтқыш, тұтанып тұрған темекі салынған күл салғыш т.с.с.
•POWERbot шаңсорғышты май негізінде жасалған бояу, бояу сұйылтқыш, құрттарды құртқыш құралдан шығатын бу не тозаң толған жабық бөлмеде, тұтанғыш шаң немесе басқа да жарылғыш не улы заттар бар ортада қолданбаңыз.
•Шамадан тыс көп іске қосқанда не температура әсер еткенде, батарея ұяшығынан сұйық ағуы мүмкін. Аққан сұйық денеңізге тисе, дереу сумен жуыңыз. Егер сұйық көзіңізге тамса, таза сумен дереу, кем дегенде 10 минут шайыңыз. Дәрігерлік көмек алыңыз.