Қауіпсіздік туралы ақпарат

ЕСКЕРТУ

Қуат туралы

ff Электр тоғы соғу немесе өрт шығу қатеріне жол бермеңіз.

–– Қуат сымын бүлдіріп алмаңыз.

–– Қуат сымын тым қатты тартып суырмаңыз немесе оны су қолмен ұстамаңыз.

–– 100-240 В~ мәнінен басқа қуат көзін пайдалануға болмайды және сондай-ақ көп ұялы розеткаға бір мезгілде бірнеше құрылғыны қатарынан қосуға болмайды. (Қуат сымын еденде қараусыз қалдырмаңыз.)

–– Зақымданған ашаны, қуат сымын немесе босап тұрған розетканы қолданбаңыз.

ff Қуат ашасының істігі мен түйіспе бөлшегіндегі шаңды немесе кез келген бөтен заттарды тазалаңыз.

–– Электр тоғы соғу немесе бұзылып қалу қатері бар.

ff Зарядтау блогына ешқандай сұйық заттарды шашыратпаңыз.

–– Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

ff Зарядтау блогын өзінің арналған мақсатынан басқа мақсатта қолданбаңыз.

–– Өрт шығу немесе зарядтау блогына елеулі нұсқан келу қатері бар.

ff Өз қауіпсіздігіңіз үшін сезгіш сенсорды әрқашан таза ұстаңыз.

ЕСКЕРТУ

Қолдану барысында

ff POWERbot шаңсорғыштан тосын шуыл, бөгде иіс не түтін шықса, POWERbot шаңсорғыштың астыңғы жағындағы апаттық тетікті дереу сөндіріңіз де, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

ЕСКЕРТУ

Қолданар алдында

ff POWERbot шаңсорғышты жанғыш материалдардың қасында пайдаланбаңыз.

–– Шамшырақтың, үстел шамдарының, каминнің немесе бензин, спирт, сұйылтқыш т.с.с. сияқты материалдардың жанына қоймаңыз.

ff POWERbot шаңсорғыш робот үйде пайдалануға арналған, сондықтан оны мансардада, жертөледе, қоймада, өнеркәсіп ғимараттарында, үй ішінен басқа жерлерде, ылғалды жерлерде (жуынатын бөлме, кір жуатын бөлме сияқты), үстелдің немесе сөренің үстінде пайдалануға болмайды.

–– POWERbot шаңсорғышқа нұқсан келуі немесе жұмыс істемей қалуы мүмкін.

ff POWERbot шаңсорғыш роботтың кез келген сұйық заттарды басып өтуіне немесе тиіп кетуіне жол бермеңіз.

–– Егер дөңгелектері сұйық заттардың үстінен жүрсе, POWERbot шаңсорғышқа елеулі нұқсан келуі немесе басқа жерлерді ластауы мүмкін.

ff Құрылғының бүлінуіне және адамның жарақаттануына жол бермеу үшін, басқыш немесе баспалдақ таянышы сияқты POWERbot құлап түсуі мүмкін жерлерге межелік белгілерді жапсырыңыз.

–– Еңісті сезетін датчикті қауіпсіздік мақсатында үнемі таза ұстаңыз.

ЕСКЕРТУ

Тазалау және күтіп

ұстау

 

ff Қуат сымына нұқсан келген кезде, оны уәкілетті техникке ауыстыртып алу үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

–– Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

ff Батареяларды ауыстырған кезде Samsung Electronics қызмет көрсету орталығында тексертіңіз.

–– Басқа батареяларды пайдалану дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ Қолданар алдында

ff POWERbot шаңсорғышын пайдалану алдында шаң сауытын салыңыз.

ff Дұрыс автозарядталуы үшін төмендегі жайттарға абай болыңыз.

–– Зарядтау блогын әрқашан іске қосып қойыңыз.

–– Зарядтау блогын POWERbot оңай таба алатын жерге орнатыңыз.

–– Зарядтау блогының алдына ешбір зат қалдырмаңыз.

ff Зарядтау блогын орнатқан кезде, қуат сымын еден үстінде қараусыз қалдырмаңыз, себебі POWERbot оған шалынысып қалуы мүмкін.

ҚАЗАҚША06

3_VR7000_KK_DJ68-00763M-05_CIS.indd 6

2017-12-01 오후 5:14:17

Page 88
Image 88
Samsung VR20M7050US/EV, VR20M7070WS/EV, VR10M7010UW/EV, VR10M7030WW/EV manual Ұстау, Абай Болыңыз Қолданар алдында, ҚАЗАҚША06