Жоғары температурамен жуу кезінде төгілген су немесе кептіру циклы ыстық болады. Суға қол тигізбеңіз.

Күйіп қалуыңыз немесе жарақат алуыңыз мүмкін.

Су өткізбейтін көрпеше, төсем немесе киімдерді (*), құрылғыңызда осындай заттарды жууға арналған арнайы цикл болмаса жумаңыз.

(*): Жүн матадан жасалған төсек жабдықтары, жаңбыр жамылғылары, балықшы күртешесі, шаңғы тебуге арналған шалбар, жол төсек, жаялық, терлеуге, велосипед, мотоцикл, машинаны т.с.с. жабуға арналған жамылғылар.

Қалың немесе қатты матрацтарды, затбелгісінде ‘’кір жуғыш машинамен жууға болады’’ деп көрсетілсе де жумаңыз. Қалыптан тыс дірілдеудің әсерінен кір жуғыш машинаға, қабырғаға, еденге немесе киімге нұқсан келуі мүмкін.

Еден сүрткіштерді немесе резеңкемен астарланған аяқ сүрткіштерді жумаңыз. Резеңке астары алынып, барабанға жабысып қалып, су төгуге байланысты ақаулықтар пайда болуы мүмкін.

Кір жуғыш машинаны жуғыш зат салынатын қорапшасы алынып тұрса қоспаңыз.

Аққан судың әсерінен электр қатері пайда болуы не адам жарақат алуы мүмкін.

Кептіріп жатқанда немесе кептіріп бола сала барабанның ішіне қолыңызды тигізбеңіз, себебі ыстық.

Күйіп қалуыңыз мүмкін.

Қолыңызды жуғыш зат қорапшасына салмаңыз.

Жуғыш затты қосатын құралға қолыңыз қыстырылып қалып, жарақат алуыңыз мүмкін.

Сұйық жуғыш зат бағыттауышын (тек қолданылатын үлгілер) ұнтақ жуғыш затқа қолданылмайды. Ұнтақ жуғыш зат қолдансаңыз, бағыттауышты алып тастаңыз.

Кір жуғыш машинаға жуылатын кірден басқа затты (мысалы, аяқ киім, тағамның қалдығы, жануарлар) салмаңыз.

Себебі кір жуғыш машинаға зақым келуі, егер жануарларды салсаңыз, олар қалыптан тыс айналдыру себебінен жарақат алуы не өліп қалуы мүмкін.

Түймешелерді шпилька, пышақ, шеге және т.б. сияқты үшкір заттармен баспаңыз.

Электр қатері орын алуы не адам жарақаттануы мүмкін.

Теріні күтуге арналған заттарды сататын арнайы дүкендерде немесе массаж жасайтын емханаларда сатылатын май, крем немесе лосьонмен ластанған кірлерді жумаңыз.

Себебі резеңке тығыздағыш деформацияланып, су ағуы мүмкін.

Түйреуіш немесе шаш түйреуіштері тәрізді темір заттарды не ағартқышты ұзақ уақыт барабан ішінде қалдырмаңыз.

Себебі барабанды тот басуы мүмкін.

Егер барабанның бетінде тот пайда болса, оған шайғыш заттан (бейтарап) жағып, жөкемен тазалаңыз. Темір щетканы ешқашан қолданбаңыз.

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қазақша 13

WD90N74LNOA_DC68-03902M_KK.indd 13

2018/4/2 16:28:45

Page 85
Image 85
Samsung WD90N74LNOA/LP manual Қазақша 13