Орнату

Орнату

8. Су жеткізу шлангісінің басқа ұшын кір жуу машинасының артындағы енгізу клапанына жалғаңыз. Бекіту үшін шлангіні сағат тілі бойынша бұрыңыз.

9. Су шүмегін ашып, жалғанған аймақтан су ақпайтынын тексеріңіз. Су ағатын болса, жоғарыдағы қадамдарды қайталаңыз.

ЕСКЕРТУ

Егер судың жылыстауы байқалса, кір жуғыш машинаны пайдалануды тоқтатыңыз және электр көзінен ажыратыңыз. Одан кейін жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Әйтпесе, бұл электр тогінің соғуына себеп болуы мүмкін.

АБАЙЛАҢЫЗ

Су жеткізу шлангісін күштеп созбаңыз. Шланг тым қысқа болса, шлангіні ұзынырақ, жоғары қысымға шыдамды шлангімен ауыстырыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

Су құятын түтікті адаптерге жалғап болғаннан кейін, су құятын түтікті төмен қарай тартып, дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.

Су шүмегінің ең көп тараған түрін пайдаланыңыз. Ағымдағы шүмек квадрат тәрізді немесе тым үлкен болса, шүмекті адаптерге енгізуден бұрын бөлетін сақинаны алып тастаңыз.

24 Қазақша

WD90N74LNOA_DC68-03902M_KK.indd 24

2018/4/2 16:28:48

Page 96
Image 96
Samsung WD90N74LNOA/LP manual 24 Қазақша