WEEE белгісіне қатысты нұсқаулықтар

Осы құрылғыны қоқысқа дұрыс тастау (Ескі электр жəне электроника құрылғылары)

(Жеке қоқыс жинау жүйесі бар елдерге қатысты)

Өнімге, оның керек-жарақтарына немесе құжаттарына салынған бұл белгі, құрылғыны жəне оның электроникалық керек-жарақтарын (мысалы, зарядтағышы, құлақаспабы, USB сымы) қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға болмайды дегенді көрсетеді. Қоқысты дұрыс тастамаған кезде қоршаған ортаға жəне адамның денсаулығына келуі ықтимал зиянның алдын алу үшін, бұндай қоқыстарды басқа қоқыстардан бөліп, материал ресурстарын түбегейлі түрде қайта қолдану үшін қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.

Жеке пайдаланушылар осы өнімді сатып алған бөлшек сауда орталығына немесе жергілікті əкімшілік мекемеге хабарласып, бұл заттарды қоршаған ортаға зиянсыз түрде қайта өңдеуден өткізу үшін қайда, қалай апарып тапсыруға болатыны туралы ақпарат алуы керек. Заңды тұлғалар өз жабдықтаушыларына хабарласып, сатып алу келісім-шартының шарттары мен талаптарын қарауға тиіс. Аталмыш өнімнің жəне оның керек-жарақтарын басқа қоқысқа тасталатын коммерциялық қалдықтарға араластырмау керек.

Samsung компаниясының экологиялық міндеттері және өнімнің арнайы нормативтік міндеттері туралы ақпарат алу үшін, мысалы: REACH, мына веб-торапқа кіріңіз: samsung.com/uk/ aboutsamsung/samsungelectronics/corporatecitizenship/data_corner.html

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қазақша 15

WD90N74LNOA_DC68-03902M_KK.indd 15

2018/4/2 16:28:46

Page 87
Image 87
Samsung WD90N74LNOA/LP manual Weee белгісіне қатысты нұсқаулықтар