Кір жуғыш машинаны орнату

ОРНАТУ ТАЛАПТАРЫН ТЕКСЕРУ

Электр қуаты және жерге байланыстыру

Өртену, электр тогынің соғуы және жарақаттану қаупінің алдын алу үшін электр желісіне қосу мен жерге байланыстыру АҚШ-тың Ұлттық электротехникалық нормалары мен ережелеріне, ANSI/FNPA №70 стандарттарына және жергілікті заңнамаларға сәйкес келуі керек. Құрылғы иесі құрылғының электрожүйеге дұрыс қосылуына жауапты.

Ұзартқышты пайдалануға тыйым салынады. Кір жуғыш машинамен ЕСКЕРТУ берілетін қуаттану кабелін ғана пайдаланыңыз.

Орнатуға дайындық кезінде электр қуаты желісінің төмендегі талаптарға сәйкестігін тексеріңіз:

220-240 В, 50 Гц, сақтандырғыш немесе автоматты ажыратқыш 15А;

Кір жуғыш машина ғана арналған жеке қатар.

Кір жуғыш машина жерге байланыстырылуы керек. Кір жуғыш машина дұрыс жұмыс істемеген жағдайда жерге байланыстыру электр тогынің соғу қаупін азайтады.

Егер кір жуғыш машина үш контактілі айырмен келсе, оны дұрыс орнатылған, жерге байланыстырылған розеткаға қосыңыз.

Жерге байланыстыруды пластик қабатқа, газ құбырларына, жылыту

және су құбырларына қоспаңыз.

Жерге байланыстыру дұрыс жүзеге аспаған жағдайда электр тогынің соғуына әкелуі мүмкін.

Егер кір жуғыш машинаның жерге дұрыс байланыстырылғандығына сенімді болмасаңыз кәсіби электрик немесе техникалық қызмет көрсететін маманмен байланысып, кеңес алыңыз. Кір жуғыш машинамен бірге алынған айырды ауыстырмаңыз. Егер айыр розеткаға сәйкес келмесе, кәсіби электриктен сәйкес келетін розетка орнатып беруін сұраңыз.

Су жіберу

Егер су қысымы 50-800 кПа болса, машинаға су қажетті мөлшерде жіберіліп тұрады. Су қысымы 50 кПа-дан төмен болса су клапаны толығымен жабылмай, істен шығуы мүмкін. Сондай-ақ кір жуғыш машинаның сумен толуы рұқсат етілген уақыттан ұзақ болуы салдарынан, құрылғы өшіп қалуы мүмкін. (Ішкі шлангтің жарылып кетуінен судың толып кетуін және су басып кетуін болдырмау үшін кір жуғыш машинаның басқару жүйесіне уақыт шектеуіші қойылған).

Жиынтықпен бірге жеткізілген шлангтердің ұзындығы кір жуғыш машинаны су құбырына қосқанда жеткілікті болу үшін су құбыры крандары кір жуғыш машинаның артқы қабырғасынан 122 см –ден аспайтын қашықтықта болуы керек.

Көптеген сантехника дүкендерінде ұзындығы әртүрлі жалғамалы шлангтер сатылады (максималды ұзындығы – 305 см.).

Судың ағып кету және шығын қаупін азайту үшін төмендегі әрекеттерді жүзеге асыру керек.

крандарға ыңғайлы қосылуды қамтамасыз ету.

кір жуғыш машина пайдаланылмаса, крандарды жауып жүру.

су ағып кетпегендігін үнемі тексеріп тұру.

Ескерту. Кір жуғыш машинаны алғаш пайдаланардың алдында барлық НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ шлангтерден, клапандардан және крандардан судың ағып тұрмағандығына

көз жеткізіңіз.

14_ Кір жуғыш машинаны орнату

WF8500NH-02583C-19_KK.indd 14

2014/8/11 10:58:30

Page 86
Image 86
Samsung WF8500NHV/YLP, WF1500NHW/YLP, WF8500NHW/YLP manual Орнату Талаптарын Тексеру, Электр қуаты және жерге байланыстыру