Циклды ауыстырғышты пайдалана отырып кір жуу
Samsung компаниясы шығарған Fuzzy Control кір жууды автоматты басқару жүйесінің арқасында кір жуу оңай, әрі ұнамды іс болады. Кір жуу бағдарламасын таңдаған кезде машина дұрыс температураны, кір жуу уақыты мен жылдамдығын өзі белгілейді, оны қалауыңызша сіз де өзгерте аласыз.
1. Су құбыры кранын ашыңыз.
2. Қосу түймешесін басыңыз.
3. Есігін ашыңыз.
4. Заттарды кезекпен мөлшерден асырмай машина багына тығыздамай бос етіп салыңыз.
5. Есігін жабыңыз.
6. Бөліктерге сәйкес келетін кір жуу құралын, кір жууға арналған кондиционер мен алдын ала арнайы арналған бөліктеріне салыңыз.
Алдын ала кір жуу режимі «Мақта», «Синтетика», «Джинсы», «Спорт», «Балалар киімі» және «Күнделікті» бағдарламалары таңдалса ғана қосылады. Алдын ала кір жуу заттар өте кір болса ғана қолданылады.
7.Мата түріне сәйкес қажет циклді таңдау үшін цикл ауыстырғышты пайдаланыңыз: «Мақта», «Синтетика», «Жүнді қолмен жуу», «Балалар киімі», «Қарқынды кір жуу», «Тез 29 мин.». Басқару панелінде сәйкес индикаторлар жанып тұрады.
8.Енді сәйкес түймешелердің көмегімен кір жуу температурасын, шаю санын, сығудың айналым саны мен кейінге қалдыру уақытын таңдауға болады.
9.Қосу/Тоқтатып қою түймешесін басыңыз, кір жуу басталады. Кір жуу индикаторы жанып, дисплейде кір жуу циклінің қалған уақыты көрсетіледі.
Тоқтатып қою қызметі
Кір жуу басталғаннан кейін 5 минут ішінде кірді қосуға немесе азайтуға болады.
1. Есікті бұғаттау үшін Қосу/Тоқтатып қою түймешесін басыңыз. Егер су өте ЫСТЫҚ немесе су деңгейі өте ЖОҒАРЫ болса, есікті ашуға болмайды.
2.Есігін жапқаннан кейін кір жууды жалғастыру үшін Қосу/Тоқтатып қою түймешесін басыңыз..
Кір жуу циклі аяқталды:
Кір жуу циклі толығымен аяқталғаннан кейін кір жуғыш машина қуаты автоматты түрде өшеді.
1.Есігін ашыңыз.
2.Кірді шығарыңыз.
ЖУУ КІР02
Кір жуу _25
2014/8/11 10:58:34