ҚАЗАҚША 65

Орындауға болмайды -- Ерітілген емшек сүтін ешқашан қайта мұздатпаңыз.

-- Таза емшек сүтіне мұздатылған емшек сүтін ешқашан қоспаңыз.

Балаға сауылған емшек сүтін беру

Philips AVENT бөтелкелерімен және сақтау шыны аяқтарымен балаңызға емшек сүтін бере аласыз: 1 Егер мұздатылған емшек сүтін пайдалансаңыз, оны ысытпастан бұрын толығымен ерітіңіз.

Ескертпе. Қауырт жағдайда, сүтті бір табақ ыстық суда ерітуге болады.

2 Ерітілген немесе салқындатылған емшек сүті бар бөтелкені немесе шыны аяқты ыстық су құйылған табақта немесе бөтелке жылытқышта ысытыңыз.

3 Бұранда сақинасы мен бекіту дискісін бөтелкеден алыңыз немесе сақтау шыны аяғынан қақпақты алыңыз.

4 Сақтау шыны аяғын пайдалансаңыз, адаптер сақинасын шыны аяққа бұраңыз.

5 Зарарсыздандырылған бұранда сақинасын зарарсыздандырылған емізікпен бөтелкеге немесе сақтау шыны аяғына адаптер сақинасымен бұраңыз.

Орындау қажет -- Балаға берместен бұрын әрқашан сүттің температурасын тексеріңіз.

-- Емізуден кейін қалған сүт қалдығын әрқашан төгіп тастаңыз.

Орындауға болмайды -- Сүтті ешқашан қысқа толқынды пеште ысытпаңыз, себебі бұл біркелкі ысытпай, сүтте ыстық

бөліктердің болуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, ол сүттің құндылығын бұзуы мүмкін.

Тазалау және зарарсыздандыру

Мотор, силикон түтік, қақпақ және адаптер тазалау мен зарарсыздандыруды қажет етпейді, өйткені олар емшек сүтіне тимейді.

Бірінші рет пайдалану алдында, сүтті сору құралының барлық бөліктерін «Тазалау және зарарсыздандыру» тарауында сипатталғандай тазалап, зарарсыздандырыңыз. Әрбір қолданыстан соң, осы бөліктерді тазалап, келесі қолданыстан бұрын барлық бөліктерді зарарсыздандырыңыз.

Қауіпті. Моторды немесе адаптерді ешқашан суға немесе зарарсыздандырғышқа салмаңыз.

1Сүтті сору құралын толығымен бөлшектеңіз. Сондай-ақ, ақ клапанды алыңыз.

Ақ клапанды алғанда және оны тазалағанда абайлаңыз. Егер ол зақымдалса, сүтті сору құралы дұрыс жұмыс істемейді. Ақ клапанды алу үшін, клапанның шетіндегі резеңкелі құлақшаны жайлап тартыңыз.

2Мотор, силикон түтік, қақпақ және адаптерден басқа бүкіл бөліктерді ыдыс жуу машинасында (жоғарғы сөреде ғана) немесе біраз жұмсақ жуу сұйықтығы қосылған ыстық суда тазалаңыз, содан кейін мұқият шайыңыз.

Клапанды тазалау үшін, оны біраз жуу сұйықтығы қосылған жылы суда саусақтарыңызбен сүртіңіз. Клапан ішіне заттар салмаңыз, себебі бұл зақым тудыруы мүмкін.

3Сүтті сору құралының тазаланған бөліктерін Philips AVENT бу зарарсыздандырғышында немесе 5 минут бойы қайнату арқылы зарарсыздандырыңыз.

Моторды немесе адаптерді ешқашан суға немесе зарарсыздандырғышқа салмаңыз. Қажет болса, моторды жұмсақ, құрғақ матамен сүртуге болады.

Page 65
Image 65
Philips SCF332, SCF334 manual Таза емшек сүтіне мұздатылған емшек сүтін ешқашан қоспаңыз, Балаға сауылған емшек сүтін беру