ҚАЗАҚША 63

Сүтті сору құралын пайдалану

Сүтті сауғанда Емізу жақсы жүрсе, сүт қоры мен емізу кестесі орныққанша (әдетте, босанғаннан кейін 2-4 апта)

күтуге кеңес беріледі (денсаулық сақтау маманы/емізу бойынша кеңесші басқаша кеңес бермесе). Қиыс жағдайлар:

-- Емізу сізде бірден жұмыс істемесе, тұрақты түрде сауу сүтпен қамтуды орнатып, сақтайды. -- Егер ауруханада жатқан балаңызға беру үшін сүтті саусаңыз.

-- Емшектеріңіз ауырса (ауру немесе іссе): емізуден бұрын немесе арасында сүттің аз мөлшерін сауып, ауруды басуға және балаңызға оңай емуге көмектесуге болады.

-- Емізіктер ауырса немесе жарылса, олар жазылғанша сүтті саууыңыз керек болуы мүмкін. -- Балаңыздан бөлектенсеңіз және қайта қосылғанда емізгіңіз келсе, сүт қорын келтіру үшін,

сүтті кезеңді түрде саууыңыз керек.

Сүтті сауу үшін оңтайлы уақыттарды табуыңыз керек, мысалы, емшектер сүтке толы немесе балаңыз екі емшекті де босатқанда, таңертеңгі баланың бірінші емуіне дейін немесе одан кейін. Жұмысқа шықсаңыз, үзіліс кезінде саууыңыз керек болуы мүмкін.

Сүтті сору құралын пайдалану жаттығуды талап етеді және жетістікке бірнеше әрекеттен кейін жетуге болады. Бақытыңызға қарай, Philips AVENT электр сүтті сору құралын құрастыру және пайдалану оңай, сондықтан онымен саууға көп ұзамай үйреніп кетесіз.

Кеңестер -- Сүтті сору құралын бірінші рет пайдаланбастан бұрын, онымен және оны пайдалану

жолымен танысыңыз.

-- Асығыс емес және ешкім кедергі жасамайтын уақытты таңдаңыз. -- Балаңыздың суреті әсерлену әрекетін қолдауға көмектесуі мүмкін.

-- Жылылық та көмектеседі: душ не ванна қабылдаған соң сауыңыз немесе саумастан бұрын, жылы шүберекті немесе Philips AVENT термо жастықшасын кеудеге бес минуттай қойыңыз.

-- Балаңыз басқа емшекті еміп жатқанда немесе еміп болған бойдан сауу оңай болуы мүмкін. -- Егер сауу ауру тудырса, тоқтатып, емізу бойынша кеңесшімен ақылдасыңыз.

Сүтті сору құралын пайдалану

1Қолдарыңызды мұқият жуып, емізіктердің таза екендігін тексеріңіз.

2Жайлы орындыққа жайғасыңыз (арқаңызға жастықтар қойсаңыз да болады). Міндетті түрде жақын жерде бір шыны су болуы керек.

3Құрастырылған сүтті сору құралын кеудеңізге басыңыз. Ұшын ортаға келтіріп,

массаж жастығы ауасыз байланысты жасайтындай етіңіз.

SCF334: қос элеткр сүтті сору құралы екі емшектен де бір уақытта сүт саууға мүмкіндік береді. Бірақ, дәл осылай жабдықты бір емшектен сүтті сауу үшін де пайдалануға болады.

4Қосу/өшіру түймесін басыңыз (Cурет 9).

,, Сүтті сору құралы стимуляциялау режимінде автоматты түрде іске қосылады және қосу/өшіру түймесі мен стимуляциялау түймесі жанады.

,, Емшекте соруды сезе бастайсыз.

5Сүт аға бастағанда, ең төмен сору түймесін басу арқылы баяуырақ ритмді белгілеуге болады (Cурет 10).

,, Бұл түйме стимуляциялау түймесінің орнына жанады.

Ескертпе. Сүт бірден ақпаса, уайымдамаңыз. Босаңсып, соруды жалғастырыңыз. Алғашқы бірнеше рет сүтті сору құралын пайдаланғанда, сүт ағуы үшін жоғарырақ сору режимін пайдалану керек болуы мүмкін.

Page 63
Image 63
Philips SCF332, SCF334 manual Сүтті сору құралын пайдалану, Сүтті кезеңді түрде саууыңыз керек