Bluetooth арқылы жалғау

Басқа құрылғыларға жалғау

Бұл құлақаспап Bluetooth қосылған құрылғылармен үйлесімді.

1  Құлақаспап  Bluetooth жұптау режиміне кіру үшін қуат қосқышын оң жаққа жылжытып, шамамен үш секунд бойы ұстап тұрыңыз.

Бірінші рет іске қосқан кезде құлақаспап Bluetooth жұптастыру режиміне автоматты түрде енеді.

2

3

 Екінші құрылғы  Bluetooth мүмкіндігін белсендіріңіз және Bluetooth құрылғыларын іздеңіз.

Қосымша ақпаратты екінші құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

 Екінші құрылғы  Тізімде Samsung Level U Pro ANC (0000) құрылғысын түртіңіз.

Құрылғының PIN коды, басқа құрылғының Bluetooth параметрлері экранында көрсетілген жақша ішіндегі төрт цифрдан тұратын сан болып табылады. Сан құлақаспапқа байланысты ерекшеленеді.

Құрылғылар жұпталғаннан кейін жақында қосылған құрылғылар әр қосқанда гарнитураға автоматты түрде қосылады.

Bluetooth қосылымы сәтсіз аяқталса немесе екінші құрылғы құлақаспапты анықтай алмаса, екінші құрылғының тізімінен құрылғының ақпаратын жойыңыз. Содан кейін қосылу әрекетін қайталаңыз.

Егер құлақаспап дұрыс жұмыс істемесе, қайта іске қосыңыз немесе құрылғыларды жұптастыру әрекетін тағы қайталаңыз.

Bluetooth қосылым ауқымы мен дыбыс сапасы, қосылған құрылғыларға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

Қазақ тілі

8

8