ОСЫ ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫН ҚОЛДАНУ

Сіз SAMSUNG микротолқынды пешін жаңа ғана сатып алдыңыз. Қолыңыздағы пайдаланушы нұсқаулығында, микротолқынды пеште тағам пісіруге қатысты маңызды ақпараттар қамтылған:

Қауіпсіздік нұсқаулары

Жарамды ыдыс-аяқ пен керек-жарақтар

Тағам пісіруге қатысты пайдалы кеңес

Тағам пісіруге қатысты ақыл-кеңес

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР

МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫП, КЕЛЕШЕКТЕ ҚОЛДАНУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ.

Пешті қолданар алдында келесі нұсқаулардың орындалғанына көз жеткізіңіз.

Құрылғыны тек осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мақсатта ғана қолданыңыз. Бұл пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген “Ескертулер” мен “Қауіпсіздік нұсқауларында”, орын алуы ықтимал жағдайлар мен оқиғалардың барлығы бірдей қамтылмаған. Құрылғыны абайлап, сақтықпен орнатуға, күтім көрсетуге, іске қосуға өзіңіз міндеттісіз.

Себебі төменде көрсетілген нұсқауларда құрылғының әр түрі қамтылғандықтан, сіздің микротолқынды пешіңіздің техникалық сипаттамасы, осы нұсқаулықта көрсетілген құрылғылардан сәл өзгеше болуы және ескерту белгілерінің барлығы бірдей сізге қатысты болмауы мүмкін. Толғандырып жүрген мәселе немесе сұрағыңыз болса, жақын орналасқан жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз немесе www.samsung.com веб-

сайтынан ақпарат және көмек алыңыз.

Бұл микротолқынды пеш тағам ысытуға арналған. Бұл тек үйде ғана қолдануға арналған. Матаны немесе дән толтырылған жастықшаларды қыздырмаңыз, жанып кетуі және өртке ұласуы мүмкін. Құрылғыны дұрыс немесе тиісті түрде қолданбау нәтижесінде бірнәрсе бүлінсе, өндіруші жауапкершілік көтермейді.

Пешті таза ұстамаған жағдайда, оның бетінің сапасы кетіп,

құрылғының қолданыс мерзімінің уақытынан бұрын аяқталуына әсер етуі және қатерлі жағдайлар орын алуы мүмкін.

БЕЛГІШЕЛЕР МЕН ТАҢБАЛАРДЫҢ ТҮСІНДІРМЕСІ

 

Ауыр жарақат немесе өлімге әкелетін қатерлі

ЕСКЕРТУ

жағдайлар немесе қауіпті әрекеттер.

 

Кішігірім жарақат немесе мүлікке зиян келтіретін

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

қатерлі жағдайлар немесе қауіпті әрекеттер.

Ескерту; Өрт қатері

Ескерту; Бет жағы ыстық

Ескерту; Тоқ

 

Ескерту; Жарылғыш зат

Әрекет ЕТПЕҢІЗ.

Нұсқауларды тура орындаңыз.

БҰЗБАҢЫЗ.

 

Ашаны розеткадан суырыңыз.

 

 

Электр тоғының қатеріне түспес

Қол ТИГІЗБЕҢІЗ.

 

үшін құрылғыны жерге қосыңыз.

 

 

 

Қызмет көрсету орталығына

 

Ескерім

хабарласып көмек алыңыз.

 

 

 

Маңызды

 

 

АСҚЫН МИКРОТОЛҚЫН ҚУАТЫНЫҢ ӘСЕРІНЕН САҚТАНДЫРАТЫН САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ.

Төмендегі сақтық шаралары орындалмаса, микротолқын қуатының қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.

(a)Ешқашан есігі ашық тұрған пешті іске қосам деп әрекет жасауға немесе қауіпсіздік тетігін (есіктің бекітпесі) бұзуға немесе қауіпсіздік

тетігінің саңылауларына бөгде зат сұғуға болмайды.

(b)Пештің есігі мен алдыңғы жағының арасына ештеңе қыстырмаңыз немесе тығыздағыштарға тағам немесе тазалағыш заттың қалдықтары жиналуына ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ. Есік пен есік тығыздағышының беттерін, пешті қолданып болғаннан кейін дымқыл шүберекпен сүртіп, содан кейін жұмсақ, құрғақ шүберекпен тазалаңыз.

(c)Пеш бұзылып қалса, оны өндіруші тарапынан микротолқынды пешті жөндеу бойынша дайындықтан өткізілген техник жөндемейінше ІСКЕ ҚОСПАҢЫЗ. Пеш есігінің дұрыс жабылуы мен төмендегілерге еш нұқсан келмеудің ерекше маңызы бар:

5

ҚАЗАҚША

GE86VR,GE86VTR_BWT_DE68-03933N_KZ.indd 5

2011-10-13 ￿￿ 1:32:51

Page 69
Image 69
Samsung GE86VTRBBH/BWT, GE86VTRSSH/BWT ОСЫ Пайдаланушы Нұсқаулығын Қолдану, Қауіпсіздік Туралы Маңызды Ақпарат, Бұзбаңыз