Құрылғыны пайдаланғанда мыналарды ескеріңізКәдімгі телефонды пайдаланып тұрғандай, құрылғыны тігінен ұстаңыз.Микрофонға тіке қарап сөйлеңіз.

Антенна аумағын қолдармен немесе басқа заттармен жаппаңыз. Бұл байланыс мүмкіндігі мәселелерін тудыруы немесе батарея тауысуы мүмкін.

Құрылғыңызды бөлшектемеңіз, түрін өзгерпеңіз немесе жөндемеңіз

Құрылғыңызға енгізілген өзгертулер не түрлендірулер өндірушінің кепілдігін жарамсыз етеді. Құрылғыға қызмет көрсету қажет болса, құрылғыны Samsung қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.

Жарылуға не өрттің шығуына себеп болатындықтан, батареяны бөлшектемеңіз немесе теспеңіз.

Батареяны алмай тұрып құрылғыны өшіріңіз. Құрылғы қосулы кезде батареяны алсаңыз, бұл құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.

Құрылғыны тазалағанда мыналарды ескеріңізҚұрылғыңызды не зарядтағышты сүлгімен не шүберекпен сүртіңіз.Батарея ұштарын мақта тампонмен немесе орамалмен тазалаңыз.

Химикаттар не тазалағыш құралдар пайдаланбаңыз. Бұлай істеу құрылғы сыртының түссізденуіне немесе тот басуына әкелуі мүмкін я болмаса ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.

Құрылғыны арналған мақсатына пайдаланудан басқа мақсатқа пайдаланбаңызҚұрылғы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.Құрылғыны қоғамда пайдаланған кезде басқаларын мазаламаңызҚұрылғыңызды тек білікті мамандар ғана жөндесін

Біліксіз мамандарға құрылғыңызды жөндеттіру салдарынан құрылғыңыз зақымдануы мүмкін және өндіруші кепілдігі жарамай қалады.

Қазақ тілі

277