ІСКЕ ҚОЛДАНУҒА ЕСКЕРТУ ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ

ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

• Ашаны су қолыңызбен розеткаға сұқпаңыз.

Құрылғының үстіне зат қоймаңыз. - Есікті ашқанда немесе

жапқанда, заттар құлап кетіп, адам жарақат алуы немесе жəне/не мүлікке зиян келуі мүмкін.

Су құйылған заттарды тоңазытқыштың үстіне қоймаңыз.

-Төгіліп қалса, өрт шығуы немесе электр қатері пайда болуы мүмкін.

Балаларға есікке асылып тұруға рұқсат бермеңіз.

-Бұл нұсқау орындалмаса, адам қатты жарақат алуы мүмкін.

Тоңазытқыштың қасында болмаған кезде есігін ашық қалдырмаңыз жəне балаларға тоңазытқыштың ішіне кіруге жол бермеңіз.

Сəбилер мен балалардың тартпаға кіруіне жол бермеңіз.

-Қамалып қалып, тұншығу немесе жарақат алуға байланысты мерт болу қаупі бар.

Мұздатқыштың есігіне отырмаңыз. - Есігі сынып қалуы немесе

адам жарақат алуы мүмкін.

Балалар қамалып қалмас үшін, егер тартпа бөлгіш алынып тұрса, тазалау немесе басқа жұмыстардан кейін жинаққа кірген бұрандаларды пайдаланып, тартпа бөлгішті қайта орнату керек.

Үлестіргіш тесікке ешқашан саусақтарыңызды немесе басқа заттарды сұқпаңыз.

-Бұл нұсқау орындалмаса, адам жарақат алуы немесе мүлікке зақым келуі мүмкін.

Бензол, сұйылтқыш, алкоголь, эфир немесе сұйылтылған газ тəрізді тұтанғыш немесе жанғыш заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.

-Бұндай заттың кез келгенін сақтаған кезде жарылыс шығуы мүмкін.

Төмен температураға төзбейтін дəрі-дəрмектерді, ғылыми үлгілік материалдарды немесе басқа да төмен температураға сезімтал заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.

-Температурасын қатаң бақылап отыруды қажет ететін өнімдерді тоңазытқышта сақтамаңыз.

Тоңазытқыштың ішіне өндіруші арнайы рұқсат етпеген электр құрылғысын қоюға немесе қолдануға болмайды.

Қазақша - 8

DA68-03015J-11.indb 8

2017. 11. 27. ￿￿ 3:19

Page 56
Image 56
Samsung RH60H90203L/WT, RH60H90207F/WT manual Ескерту Белгілері, Адам жарақат алуы мүмкін