орталығына хабарласыңыз.

-Бұлай істемесеңіз, электр қатері немесе өрт пайда болуы мүмкін.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУҒА ЕСКЕРТУ ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ

ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

• Құрылғыны тастар алдында, оның артындағы түтіктердің ешбіріне нұқсан келмегеніне көз жеткізіңіз.

Салқындатқыш ретінде R-600a немесе R-134a пайдаланылған. Тоңазытқышта қолданылған салқындатқыш сұйықты, құрылғының артындағы компрессордың жапсырмасынан немесе тоңазытқыштың ішіндегі техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз.

Егер осы құрылғыда тұтанғыш газ (R-600a сұйығы) қолданылса, осы құрылғыны дұрыс тастау үшін жергілікті əкімшілік мекемеге хабарласыңыз. Изоляция газы ретінде циклопентан қолданылған.

Изоляция материалындағы газды тастау үшін арнайы қоқысқа тастау шарасы орындалуға тиіс. Осы құрылғыны қоршаған ортаға еш зиян тигізбей тастау үшін

жергілікті əкімшілік мекемеге хабарласыңыз. Құрылғыларды қоқысқа тастау алдында, артқы түтіктерінің ешбіріне нұқсан келмегеніне көз жеткізіңіз.

Түтіктерді ашық жерде сындыру керек.

Осы немесе басқа тоңазытқыштарды тастаған кезде, кішкене балалар мен жануарлар қамалып қалмас үшін тоңазытқыштың есігін/ есігінің тығыздағыштарын, есігінің бекітпесін алыңыз. Балалар құрылғы ішіне оңай кіріп кетуге жол бермеу үшін сөрелерін алмаңыз.

Балаларды ескі құрылғымен ойнамау үшін қадағалап отыру керек.

Осы құрылғының орам материалдарын қоршаған ортаға зиян келтірмейтін етіп тастау керек.

Қазақша - 12

DA68-03015J-11.indb 12

2017. 11. 27. ￿￿ 3:19

Page 60
Image 60
Samsung RH60H90203L/WT, RH60H90207F/WT manual Құрылғыны Тастауға Ескерту Қатысты Қатаң