Қуатты үнемдеу туралы кеңес

-Құрылғыны салқын, құрғақ, жеткілікті түрде желдетілетін жерге орнатыңыз.

Оны күн сəулесі тура түсетін жерден жəне қызу көздерінен (мысалы, батарея) алыс қойыңыз.

-Құрылғының саңылаулары мен торкөздерін ешқашан бітемеңіз.

-Жылы тағамды тоңазытқыш ішіне қояр алдында салқындатыңыз.

-Мұздатылған тағамды жібіту үшін тоңазытқышқа қойыңыз. Содан кейін мұздатылған тағамдардың төмен температурасын тоңазытқыштағы тағамды салқындату үшін қолдануға болады.

-Тоңазытқыштың ішіне тағам салып немесе одан тағамды алып жатқан кезде есігін ұзақ уақыт ашпаңыз.

Есікті неғұрлым аз ашсаңыз, мұздатқыш бөлік ішіне соғұрлым аз мұз қатады.

-Тоңазытқыштың арт жағын уақытылы тазалаңыз. Шаң қуаттың көп шығындалуына алып келеді.

-Қажетті температурадан артық суық температураны таңдамаңыз.

-Тоңазытқыштың табаны

мен артқы қабырғасынан ауа жеткілікті түрде шығуын қамтамасыз етіңіз.

Ауа шығатын саңылауларды бітемеңіз.

-Орнатқан кезде оң жағы мен сол жағынан, арты мен үстіңгі жағынан бос орын қалдырыңыз.

Бұл қуатты аз жұмсап, электр қуаты төлемдерін азайтуға көмектеседі.

-Қуатты барынша үнемдеу үшін, барлық ішкі құралдарын, шелектер, тартпалар, сөрелер сияқты, өндіруші жабдықтаған орындарына қойыңыз.

Бұл құрылғы үйде жəне сол сияқты, дүкендердегі қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде,

-кеңселерде жəне басқа жұмыс орындарында пайдалануға арналған;

-ферма үйлерінде, қонақ үйдің қонақтары жəне басқа тұрғында жерлерде;

-төсек жəне таңғы аспен жабдықтайтын жерлерде;

-қоғамдық тағам орындарында жəне сол сияқты бөлшек сауда жасамайтын жерлерде.

Қазақша - 14

DA68-03015J-11.indb 14

2017. 11. 27. ￿￿ 3:19

Page 62
Image 62
Samsung RH60H90203L/WT, RH60H90207F/WT manual Жылы тағамды тоңазытқыш ішіне қояр алдында салқындатыңыз, Тоңазытқыштың табаны