Орнатуға қатысты ескертулер

АБАЙЛАҢЫЗ

Бұл құрылғыны ашасына қол оңай жететін жерге орнату керек.

Бұлай істемеген жағдайда, электр тоғы таралып, электр қатері орын алуы не өрт шығуы мүмкін.

Құрылғыны салмағын көтере алатын тегіс және қатты еденнің үстіне орнатыңыз.

Бұлай істемеген жағдайда, құрылғы дірілдеуі, жылжуы, шуыл шығуы немесе басқа да құрылғыға қатысты ақаулар пайда болуы мүмкін.

Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер

ЕСКЕРТУ

Егер құрылғы судың астында қалса, дереу электр және сумен жабдықтау желілерінен ағытыңыз да, жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Қуаттану айырын су қолмен ұстамаңыз.

Бұл нұсқау орындалмаса, электр қатеріне ұрынуыңыз мүмкін.

Егер құрылғыдан тосын шуыл, көңірсіген немесе түтін иісі шықса, ашаны дереу розеткадан суырыңыз да, жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкеп соғуы мүмкін.

Газ шыққан жағдайда (мысалы, пропан, сұйытылған мұнай газы және т.б.) қуаттану айырын ұстамай бірден бөлмені желдетіңіз. Машинаны немесе қуаттану шнурын ұстамаңыз.

Желдеткішті қолданбаңыз.

Жарқыл шығып, жарылыс немесе өртке ұласуы мүмкін.

Балаларға кір жуғыш машинаға шығып не ішіне кіріп ойнауға рұқсат бермеңіз. Сонымен қатар, құрылғыны тастаған кезде, кір жуғыш машинаның есігінің теңгерім құралын алыңыз.

Балалар құрылғының ішіне қамалып қалса, тұншығып өлуі мүмкін.

Кір жуғыш машинаны қолданар алдында, табанындағы орам материалдарын (жөке, көбікті текше) алыңыз.

Бензин, керосин, бензол, бояу сұйылтқыш, спирт не басқа да тұтанғыш немесе жарылғыш зат сіңген заттарды жумаңыз.

Электр қатері орын алуы, өрт не жарылыс шығуы мүмкін.

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қазақша 9

WD70J5410AW_03588E-03_KK.indd 9

2017/3/2 15:11:41

Page 129
Image 129
Samsung WD70J5410AW/LD manual Орнатуға қатысты ескертулер, Пайдалануға қатысты қатаң ескертулер